Архив событий

25/05/2017

Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

25/05/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы С-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы С. бір мекеменің жүргізушісі болып қызмет атқарып жүріп жәбірленуші А-ның баласын қамаудан босатып беруге мүмкіндігі барына сендіріп 11 000 АҚШ долларын қолма-қол алып бас пайдасына жаратып алаяқтық жасаған.

Жәбірленуші А. сот отырысы барысында өзіне келтірілген залалдың ішінара өтелгенін, қалған 200 000 теңге мүліктік шығынды өндіріп беруді сұраған.

Қызылорда қалалық соты заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

25/05/2017

Қызылорда қалалық сотында талапкер А-ның жауапкер  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бұрынғы вахталық әдіспен автокөлік жүргізушісі лауазымына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақытына жалақы өндіру туралы талап арызы қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, ЖШС-нің мердігері болып табылатын АҚ-ның кеніш орнында автокөліктен пластикалық ыдыстарға құйылған жанар-жағармай табылып, ұрлық орын алғаны туралы актіде жанар-жағармайды ұрлаған басқа адамның аты-жөні көрсетілген. Ал, талапкер сәйкесінше түсініктеме жазып берген.

Қызылорда қалалық сотында «дөңгелек үстел» өтті

25/05/2017

Қызылорда қалалық сотында өткен «дөңгелек үстелде» судьялар, облыстық медиация орталығының басшысы, медиаторлар және қалалық АХАТ бөлімінің қызметкерлері кездесті.

Азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен әзірленген болатын.

Әрекетке қабілетсіз деп танылды

25/05/2017

Қазалы  аудандық сотында арыз беруші Г-ның қызы Ж-ны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, азаматша Г. қызы Ж-ның бала кезінен бері психиатриялық диспансерде есепте тұратындығын, психикалық ауруының салдарынан өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбейтіндігін, ол өзінің әрекетіне жауап бере алмайтындығын, сондықтан  оны  әрекетке қабілетсіз деп тануды, арызын қанағаттандыруды сұрады.

«Қосымша жазалардың орындау мәселелері» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді

25/05/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Қосымша жазалардың орындау мәселелері»  тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

"Дөңгелек үстелге" кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова, қалалық прокуратурадан А.Саркөбен, Қызылорда ОІІД-нің кадр басқармасынан А.Төлеуов, ЗК-169/1 мекемесінен инспектор Т.Таңсықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінен А.Кожбанова, Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторлары Д.Балғабаев, Ж.Ерназар және сот қызметкерлері қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өтті

25/05/2017

Жаңақорған аудандық сотында аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов, облыстық соттың сот приставы Б.Қошанов және аудандық сот судьялары, сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті.                                               

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

25/05/2017

Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы  Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Жалағаш ауданында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, шетел азаматы Ш-ның Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, уақытша тіркелген мекен-жайы  Қызылорда қаласында тұрмай, Жалағаш ауданындағы өзге мекен-жайда тұрғандығы анықталған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/05/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат C-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы C. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.