Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат  Р. автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Шиелі кенті, А.Яссауи көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған.

Сот отырысында азамат Р. өзінің кінәсін толығымен мойындады.  Сондай-ақ, оның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және іске тіркелген өзге де құжаттармен толық  дәлелденіп бекітілді.

Сот әкімшілік іс-құжаттарын зерттеп, азамат Р. өзінің кінәсін мойындаған түсінігін және прокурордың әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасын тағайындауды сұраған қорытындысын тыңдап азамат Р-ға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға қаулы етті.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі