Сс, 23/05/2017 - 18:15
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Қармақшы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. өз үйінде жанжал шығарып, заңды некедегі әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі