Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Д.Н.Абдыкалыков жүргізді.

Шара барысында судья Қазақстан Республикасы ҚК-нің 340-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Ж. Қазалы ауданы, Шакен ауылы, Айбарша елді мекені аумағындағы далалық жерден өсіп тұрған орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды,  яғни сексеуілді заңсыз кесіп алып, мемлекетке 11345 теңге зиян келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Ж-ның қылмыстық әрекеттерінен келтірілген зиян  мемлекетке толық қалпына келтірілгендігі анықталды.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 340-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Ж., ҚК-нің 68-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. Сотталушы Ж-да сақтауда тұрған заттай дәлелдеме сексеуіл отыны «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайтарылды.

Шара соңында судья Д.Н.Абдыкалыков қылмыстық іс бойынша тілші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі