Сотта жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында сот судьялары мен мамандарының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Аудандық сот төрағасы м.а. Л.Алибекова жедел кеңесті ашып, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысына тоқталды.

Шара барысында сот істерін қарау кезіндегі мерзімдерінің сақталуын қатаң қадағалауды және баспасөз құралдары өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, жедел кеңесте сот кеңсесінің, сот мұрағатының жұмысы және хатшылардың жұмыстарының ұйымдастырылуы талқыланды.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі