Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 28сәуірдегі № 6001-16-7-4/87 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын» талқылау өтті.

Тұжырымдама сот органдарының қызметін объективті және кәсіби негізде ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әзірленді, бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететіндігі айтылды.

БАҚ-пен өзара іс-қимылды дамыту қоғамға БАҚ арқылы сот органдарының қызметі, сот төрелігін жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты өз уақытында жеткізу үшін қажетті жағдайлар туғызуды көздейді. Аталған міндетті орындау ұйымдастыру, оқыту және БАҚ-пен жұмыс бағыттары бойынша іске асырылатындығын атап көрсетті.

Тұжырымдаманы іске асыру соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі