«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Қызылорда заң және техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен   «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында студенттер сот жүйесіндегі өзгерістер, соттың қарауына жататын істер санаты, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы өз сұрақтарын қойды.

Сот төрағасы міндетін атқарушы Р.Шамшиев қойылған сұрақтарға жауап беріп, одан басқа, сот саласына енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда, «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы,  сотқа СМС арқылы шақырту жолдау және тағы басқа жаңалықтар туралы айтып өтті.  

Мұндай іс-шара сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында өткізіледі.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі