Архив событий

09/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы А.Сайдуллаев «Тема дня» бағдарламасына қатысты

09/12/2016

Қызылорда  қалалық  №2 сотының судьясы  Сайдуллаев  Абдуллажан Сайджаппарұлы Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының «Тема дня»  бағдарламасына қатысып «Жалған кәсіпкерлік» қылмыстық құқық бұзушылық аясында сұхбат беріп, журналистің  сауалдарына  жауап  берді.

Семинар сабағы өткізілді

09/12/2016

Арал аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өткізілді.

Жаңақорған аудандық соты төрағасы азаматтарды қабылдады

09/12/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов азаматтарды қабылдады.

Азаматтарды қабылдау барысында азаматша С. 2000 жылғы ұлының туылғалы денсаулығы болмай ауыратынын, осы жақында Алматы қаласына апарып тексерткенінде оған осы жергілікті дәрігерлер дұрыс диагноз қоймай, осы уақытқа дейін теріс емдегендерін, басқалай емдеу керектігін айтқанын, енді  16 жыл бойы дұрыс диагноз қоймаған дәрігерлерге қандай шара көруге болатынын, ары қарай заңды тәртіпте не істеу керектігі жөніндегі сауалмен жүгінді.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

09/12/2016

2016 жылдың 8 желтоқсан күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күніне қала тұрғыны азамат Ә. келіп, бұрын сотталған қылмыстық жауаптылықты жою және алу туралы сұрақтарын қойды.

Сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек қойылған сұрақтарға жауап беріп, сот саласында жаңадан енгізілген «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы да айтып өтті. 

Сырдария аудандық сотында «Судьялық Әдеп кодексі» талқыланды

09/12/2016

Сырдария аудандық сотында сот төрағасы А.Абдулла республика судьяларының VII съезінде қабылданған «Судьялық әдеп кодексінің» ережелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

09/12/2016

Шиелі аудандық сотында сот ашықтығы, жариялылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында төраға міндетін атқарушы А.Түбекбаева Шиелі кентінің тұрғыны А-ны қабылдады. Азаматша А. мұраны қабылдау уақытын қалпына келтіру туралы сұрағымен жүгінді. Ол әкесі қайтыс болғаннан кейін, тұрғын үйі мұраға қалғанын, бірақ мұрагерлік ісін ашу керектігін білмегенін, мұраны ашуға нотариусқа жүгінген кезде мерзімді өткізіп алуына байланысты бас тартылғанын айтты.

«Ашық есік күні» өткізілді

09/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.К.Әбу «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

Шетел валютасын репатриациялау талабы орындалмаған

09/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Ж» ЖШС-не  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта, ҚР Ұлттық Банкінің Қызылорда облыстық филиалымен банктердегі  банк шоттарына қарау жүргізу барысында «Ж» ЖШС-мен  резидент еместің  тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамау және шетел валютасын  репатриациялау  талабы  орындалмағаны  анықталды.

Соттың  қаулысымен «Ж» ЖШС  ҚР  ӘҚБтК-нің 251-бабымен кінәлі  деп танылып, 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4 242 000 теңге  айыппұл  салынды.

Қызметін пайдаланып пара алғаны үшін сот залынан қамауға алынды

09/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жымқырған сотталушылар А. мен Ж-ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы сотталушы А. және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мемлекеттік экологиялық инспекторы сотталушы Ж. жеке кәсіпкер жәбірленуші Т-дан мекемесін тексеріп мазаламайтындарына сендіріп, ол үшін 3 000 000 теңге  талап еткен.

Мейрамхана қызметі тоқтатылып, айыппұл салынды

09/12/2016

Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, жеке кәсіпкер Т-ға 24.06.2016 жылы берілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым талаптарының орындалуына бақылау жүргізілген.     

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

09/12/2016

2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос (уақытша бос) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Жанұя тыныштығын бұзғаны үшін қамаққа алынды

09/12/2016

Жалағаш аудандық сотында құқық бұзушы С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша, С. Жалағаш кентінде орналасқан өз үйінде азаматша Ғ-ға себепсіз тиісіп, былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысына тиіп, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ іс-әрекеттер жасап, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Ғ. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/12/2016

Арал аудандық сотында азамат О-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы О. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.