Қызметін пайдаланып пара алғаны үшін сот залынан қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық №2 сотында қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жымқырған сотталушылар А. мен Ж-ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы сотталушы А. және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мемлекеттік экологиялық инспекторы сотталушы Ж. жеке кәсіпкер жәбірленуші Т-дан мекемесін тексеріп мазаламайтындарына сендіріп, ол үшін 3 000 000 теңге  талап еткен.

Осыдан кейін, жәбірленуші Т. сотталушы А-ның нұсқауымен оның автокөлігінің салонына 3 000 000 теңге апарып салған. Содан соң, сыбайласы  Ж-ның үйінің ауласына келгенде Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларымен тоқтатылған, сол жерде ұсталған.

Сот үкімімен сотталушылар А. мен Ж. ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1 және 2 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі