Архив событий

02/12/2016

Судья тікелей эфирдегі «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты

02/12/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, телеарна тілшісінің республика судьяларының VII съезіне, судьялардың жаңа әдеп кодексіне, сот жүйесіндегі өзгерістер мен сот төрелігінің сапасы бойынша бірнеше сұрақтары бойынша жауап берді.

Арал аудандық сотының ұжымы Тұңғыш Президент күніне орай, қайырымдылық шарасын өткізді

02/12/2016

Жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетуді жөн санаған  Арал аудандық сотының ұжымы Тұңғыш Президент күніне орай, қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара барысында аудандық сот төрағасы Е.Тұрбаев бастаған сот ұжымы және кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай, Арал қаласының тұрғыны тұрмысы төмен, жалғыз басты, 2 топтағы мүгедек, кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеп отырған С.Суханберлиеваның отбасына азық-түліктер түрінде көмек көрсетті.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алматы қаласында өткен семинарға қатысты

02/12/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Әбілқайысқызы Алматы қаласында өткізілген «Қазақстандағы заңды тұлғалардың банкроттық мәселелерін шешу» тақырыбындағы семинар сабағына қатысты.

Іс-шараға экономикалық соттың судьялары, Ұлыбритания Ноттингем Трент Университетінің профессоры Дэвид Бурдетт, банкроттық бойынша маман Игнасио Тирадо және тағы басқа халықаралық сарапшылар қатысты.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өтті

02/12/2016

Қызылорда қалалық сотында «Талапты қамтамасыз ету шаралары және олардың күшін жою» тақырыбында семинар өтті.

ҚР Азаматтық процестік Кодекстің 15 тарауымен іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алатындығы реттелген.

Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабағы өткізілді

02/12/2016

Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасы судьяларының әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына Қызылорда облыстық сотының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы С.Сүлеймен, мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары және сот мамандары қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

02/12/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған  сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. алкогольден масаң күйінде, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші К-нің құны 10 000 теңге тұратын ұялы телефонын  ұрлап,  жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған

02/12/2016

Сырдария аудандық сотында азамат  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат А. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат А. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының  2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген

02/12/2016

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Т. өзінің танысы М-мен сөзге келіп қалып, өзара төбелесіп жатқан уақытта оның арқасына пышақ сұғып алып, жәбірленушінің өміріне қауіп төндіретіндей, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Кәмелетке толмаған ұлының құқық бұзушылық жасағаны үшін анасына айыппұл салынды

02/12/2016

Қазалы аудандық сотында кәмелетке толмаған Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, кәмелет жасына толмаған Н. Әйтеке би кенті, С.Мұханов көшесінің бойында, жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, өзінің басқаруындағы автокөлікпен кәмелетке толмаған жасөспірім М-ны қағып өтіп, жол көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші М.  «жеңіл» дене жарақатын алған.