Архив событий

05/12/2016

Масаң күйінде көлік құралын жүргізген

05/12/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен құқық бұзушы  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К., көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, мотокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Сот қаулысымен азамат К., Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Әкімшілік жазаға тартылды

05/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушыға айыппұл салды.

Құқық бұзушы Ш. «P»  компьютерлік клубының   администраторы болып  қызмет  жасап  жүріп,  кәмелетке толмаған К-ны заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Сот  отырысында  құқық  бұзушы Ш. өз  жауабында  клубта  администратор болып  жұмыс  істейтінін,  кінәсін  толық  мойындайтынын және  істеген  әрекетіне  қынжылатынын көрсетті.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

05/12/2016

Талап қоюшы «А» акционерлік қоғамы сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «С» жеке кәсіпкерінен 3 417 021 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 28 сәуірінде тараптар арасында  несие беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша талап қоюшы жауапкерге 2019 жылдың 28 қазанына дейін сұлулық салонына құрал-жабдықтар сатып алу үшін  3 000 000 теңге сомасында несие берген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

05/12/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасаған  сотталушы Ш-ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы Ш. өзінің басқаруындағы автокөлігімен  есірткі құралына жататын салмағы 8,89 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп сақтап жүрген, яғни ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық терiс қылық әрекеттерін жасаған.

Темекі бұйымын сатқаны үшін айыппұл салынды

05/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес құқық бұзушы О. «Ж» дүкенінің  сатушысы болып жұмыс жасап  жүріп кәмелетке толмаған А-ға 1 дана қорап темекі  бұйымын  сатқан.

Яғни, ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 133 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

05/12/2016

2016 жылдың желтоқсан айының 8 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

Алкогольді масаң күйде автокөлік басқарған

05/12/2016

Арал аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы Ж. автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

05/12/2016

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, азамат М. өзінің басқаруындағы  автокөлігімен жолға қойылған бетонға соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде автокөлік жолаушысы Г-ге «жеңіл» дене жарақатын салған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 272 теңге айыппұл салынып,  1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

05/12/2016

Арал аудандық сотында  азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж-ның баласы заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 23.00 ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.