Архив событий

15/12/2016

Облыстық соттың судьясы Жуынтаева Светлана Нағашыбайқызы «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды

15/12/2016

Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі жоғары айырым дәрежесіндегі белгі болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ерекше табыстары, көп жылдық еңбегі, мінсіз беделі, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.

Егеменді еліміздің Тәуелсіздігіне арналған облыстық сотта өткен салтанатты жиында Қызылорда облыстық сотының судьясы Жуынтаева Светлана Нағашыбайқызы «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.

Арал аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

15/12/2016

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы Е.Тұрбаев журналистерге 21 қараша 2016 жылы Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезі өткізілгенін айтып өтіп, съездің басты жаңалығы, жаңадан қабылданған судья әдебі кодексінің негізгі принциптері туралы толығырақ айтып берді.

Ойын бизнесін ұйымдастырушы заң алдында жауап берді

15/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Ж-ның Қызылорда қаласындағы үй ғимаратының бірінші қабатында белгісіз адамдармен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, компьютерлердің процессорларына интернет желісінен әр түрлі ойын енгізіп, заңсыз ойын бизнесін ашумен және оны жүргізумен айналысқаны анықталды.

Жаңақорған аудандық сотында семинар кеңес өткізілді

15/12/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциясы жөнінде семинар  өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, аудандық прокуратура өкілі М.Сүйеубаев, аудан әкімінің өкілі аудандық ұлт аралық қатынастар жөніндегі эксперты А.Сапарбекова, аудандық білім бөлімінің өкілі М.Оспанов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы А.Қыстаубаева, кент әкімінің өкілі Қ.Болғанбаева, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі М.Марқабай, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Нәлібаева және бас маман М.Тұрғанбекұлы қатысты.

Түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұлға жазаланды

15/12/2016

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы К. азық-түлік дүкенінде сатушы болып тұрып, төрт шөлмек алкоголь өнімін сағат 23.00-ден кейін өткізген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атап айтқанда, сотталушы А. жәбірленуші М-ның әйелін кәсіптік мектепке жұмысқа тұрғызып беремін деп, 300 000 теңгесін алған. Жәбірленуші Е-нің қарындасын колледжге мұғалім қызметіне жұмысқа тұрғызып беремін деп 250 000 теңгесін алып жымқырған.

Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушілермен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды

15/12/2016

Құқық бұзушы Б. кәмелет жасына толмаған баласы А-ның оқуға бармай қалуына жол беріп, кәмелетке толмаған баласына қатысты оқыту жөніндегі міндеттерін  орындамай, көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. өз жауабында баласының сабақтан қалғаны рас екенін, қазіргі уақытта сабаққа барып жүргенін, кінәсін мойындайтынын, айыппұл соммасын азайтуды сұрайтынын көрсетті.

Жер алып беремін деп сендіріп алаяқтық жасаған

15/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азаматша А. жәбірленуші С-ға Саяхат мөлтек ауданынан жер алып беретін мүмкіндігім бар деп, бос жатқан жерді көрсетіп, құжаттары дайын болып қалғанына сендіріп, 500 000 теңгесін, содан соң тағы да жер бар екенін айтып, жердің құжаттары деп бір сызбаларды көрсету арқылы 2 000 000 теңге ақшасын алдап алған. Нәтижесінде жәбірленуші С-ға барлығы 2 500 000 теңге шығын келтірген.

Алкогольді масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылққа тартылды

15/12/2016

Сырдария аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы Е. автокөлігін алкогольдік масаң  күйінде  басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Ұрлық жасаған азамат сот залынан қамауға алынды

15/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Т-ның сыбайластарымен бірге сауда дүкенінің кілем сақтайтын қоймасына бірнеше рет заңсыз кіріп, қоймадан барлығы 18 дана кілем ұрлап, жәбірленуші Н-ға жалпы құны 1 490 000 теңге шығын келтіргені  анықталды.

Жәбірленуші Н. сот отырысы барысында сотталушыдан келтірген шығынды өндіріп беруді  сұрады.

Жауапкер талапты толығымен мойындады

15/12/2016

Талапкер  Д. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына  талап  арыз беріп,  онда жауапкер А-мен заңды  некеде болғанын, сот шешімімен неке бұзылғанын, ажырасқаннан  кейін   қайта  қосылып бірнеше уақыт  бірге  тұрғандарын,  ортақ некеден кәмелетке толмаған Н. есімді  қызы  бар екенін, кәзіргі уақытта бала  өзімен  бірге тұратынын, баланы  асырап  бағуға  жауапкер материалдық  көмек  бермейтінін көрсетті, сондықтан соттан жауапкерден кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелігін анықтап, алимент өндіруді сұрады.

Қармақшы аудандық соты брифинг өткізді

15/12/2016

Қармақшы аудандық сотында аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық сотының судьясы Л.Алибекова ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталған А-ға қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталды.     

Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында, А-ны тоқтатып тексеру барасында, өзінің беруімен целофан пакетіне салынған ерекше иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат айғақ зат ретінде алынған.