Архив событий

23/12/2016

Қызылорда қалалық сотының судьялары қайырымдылық акциясын өткізді

23/12/2016

Қызылорда қалалық сотының судьялары қайырымдылық акциясын өткізді.

Жуырда Қызылорда қалалық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралған болатын. Атап айтқанда, қыз бала өзінің анасының қайтыс болғандығы туралы фактіні бекітуді сұрап сотқа арызданған. Іс қарау барысында қыздың әкесі де осы жылдың басында ауыр науқастан қайтыс болғандығы анықталды. Одан кейін жақында анасы қатты ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сырқаттың себебін анықтау барысында мезгілсіз көз жұмған. Жанұяларында өзінен басқа кәмелетке толмаған төрт бала қалған.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

23/12/2016

Шиелі аудандық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы Заңын" талқылау мақсатында брифинг өтті. Брифингті аудандық соттың төрағасы  М.Еркінбеков жүргізді.

Қызылорда қалалық сотының судьясына алғыс хат келіп түсті

23/12/2016

Сот қоржынына қала тұрғыны Кенжеғараев Қуанышбек Құдайбергенұлынан іс қараған судьяға қатысты  алғыс  хат  келіп түсті.

Алғыс хатта мекемеде жұмыс жасау барысында денсаулығына келтірілген зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарау барысындағы судья Досымжан Мүслімұлы Райқұловтың қойылған талап мәнісін жан-жақты, объективті және бейтарап анықтағандығын атап көрсеткен.

Алғыс хат иесі өзінің және отбасының атынан судьяның қырағылығына және білімділігіне тәнті болғандарын, қарапайым адамдардың құқығын қорғауда шыншылдығы мен  әділдігіне ризашылығын білдірген.

Медициналық куәландыру қорытындысын жарамсыз деп тануды сұраған талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

23/12/2016

Қазалы аудандық сотында арызданушы Б-ның өзіне қатысты психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау туралы медициналық куәландыру қорытындысының күшін жойып жарамсыз деп табуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

23/12/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов Қызылорда қалалық сотының судьялары және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел отырыста сот төрағасы сот мұрағатының жұмысына және қаралып аяқталған азаматтық істердің сот кеңсесіне өткізілу барысына тоқталды. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық сотымен жасалған тексеру қорытындысы талқыланып, ондағы көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында атқарылуы тиіс негізгі іс-шаралар нақтыланды.

Медиация тәртібімен іс қаралды

23/12/2016

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы А. жауапкер «Н» күзет мекемесінен еңбек ақысын өндіруді сұрайтынын көрсеткен талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қызылорда қалалық сотында азаматтық іс партисипативтік тәртібімен қаралды

23/12/2016

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер Б-дан материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында сот тарапынан талап қоюшы С. мен жауапкер Б дауды  партисипативтік тәртіппен шешу жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, осыған орай, талап қоюшы мен жауапкердің сенім хаты негізінде әрекет етуші адвокаты партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісімге келгендерін, сондықтан осы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Әкімшілік жауапкершілікке қайта тартылды

23/12/2016

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А. бір жыл ішінде осы тектес құқық бұзушылықтары үшін екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде қайта жүрген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.