Архив событий

26/12/2016

ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігін қолдану бойынша брифинг өткізілді

26/12/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотының  судьясы  К.Еспенбетова  ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігін қолдану барысы туралы  БАҚ өкілдерінің  қатысуымен  брифинг өткізді.

ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы екендігі белгіленген.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

26/12/2016

Шиелі аудандық сотында жергілікті жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен  брифинг  өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.К.Жолдыбаев Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқық бұзушылық жасаған М-ның әкімшілік  ісі  бойынша  ақпарат  берді.

«Диплом» алып беретіндігіне сендіріп, алаяқтық жасаған

26/12/2016

Қызылорда  қалалық №2 сотында сотталушы А – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы А. жәбірленуші Е. мен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, өзінің диплом алып беруге мүмкіншілігі бар екендігін айтып сендіріп, 250 000 теңгесін алдап алған.

Жәбірленуші Е. сот отырысы барысында сотталушыға заң жүзінде шара көруді  сұрады.

Қарақшылық қылмыстық ісі бойынша брифинг өткізілді

26/12/2016

Байқоңыр қалалық сотында қалалық сот төрағасы М.Тұрғанбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен сотталғандар А,Д.,С.,Ж-ға қатысты  қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді.

Қылмыстық іс құжаттары бойынша «Г» ЖШС-нің сауда өкілі қызметін атқарған сотталған А. жолдас баласы сотталған Д., оның таныстары С., Ж. мен қарақшылық шабуылды бірлесіп жасау жөнінде күні бұрын уағдаласқан.

Ұлттық қауіпсіздік департаментіне жұмысқа тұрғызамын деп алаяқтық жасаған

26/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Сотта анықталғандай, азамат Н. мейрамхана автотұрағында жәбірленуші А-мен кездесіп, Ұлттық қауіпсіздік департаментіне жұмысқа тұрғызып бере алатындығы жайлы  жалған мәлімдеген. Жәбірленуші А. оның ұсынысын қабыл алып, заңды жолдарын сұраған уақытта сотталушы Н. жеке басын тексерумен қатар медициналық тексеруден өткізу үшін 420 000 теңге беруі керектігін айтып, сол жерде 300 000 теңгесін, кейіннен 120 000 теңгесін алдап алған.

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау тәртібі тақырыбында брифинг өткізілді

26/12/2016

Байқоңыр қалалық сотында көші-қон полициясы қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау тәртібі тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте қалалық соттың судьясы Е.Шевцова Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының негізінде Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау тәртібі мен Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығудың салдарларын түсіндірді.

Брифинг сонында БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берілді.

Туған інісін пышақтағаны үшін сотталды

26/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Сотта, азамат Ж-ның  үйінде арақ ішіп отырған уақытта, жанына ішімдік ішкен мас күйінде туған інісі Б. келіп, әңгімелесу барысында екеуі сөзге келіп қалып, сол уақытта сотталушы Ж. асхана пышағын алып, жәбірленуші Б-ны екі мәрте жарақаттағаны анықталды.

Нәтижесінде, жәбірленуші Б. алған дене жарақаттарынан қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен.

Жәбірленуші Б. сот отырысы барысында сотталушыға кешірім беретінін айтты.

Брифинг өткізілді

26/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы О.Абдукаликов БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізушінің көлік құралын  алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық  масаң  күйінде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруына беру санатындағы әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  бойынша   брифинг  өткізді.

Байқоңыр қалалық соты брифинг өткізді

26/12/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау» заңы  аясында брифинг өткізілді.

Брифингте қалалық сот судьясы К.Нұрпейсова бұл актінің басты мақсаты – заңды аттаған азаматтарға адамгершілік, рақымшылық таныту, сенім білдіру екендігін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі нұсқамалық сабағын өткізді

26/12/2016

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлерінің арасында соттың кеңсе меңгерушісі А.Кульманова нұсқамалық үйрену сабағын өткізді.

20 желтоқсан 2016 жылы Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысынан  демалыс және мереке күндері кезекшілікте болатын қызметкерлердің міндеттерін талапқа сай атқаруын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар өткізу туралы тапсырма келіп түскен болатын.

Сот ғимаратында бұл күндердегі кезекшілік ғимаратта келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайда жедел шара көру мақсатында ұйымдастырылатындығы айтылып, тиісті нұсқамалар жасалды.

Қызылорда қалалық №2 сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы талқыланды

26/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Алиев, соттың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Дауларды медиация тәртібімен реттеудің тиімділігін насихаттау мақсатында брифинг өткізілді

26/12/2016

Шиелі аудандық сотының  төрағасы  М.Еркінбеков Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында  аудан тұрғындары арасында дауларды медиация  тәртібімен  реттеудің тиімділігін насихаттау мақсатында  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, атқарушы орган өкілдерінің  қатысуымен  брифинг  өткізді.

Бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін, бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

26/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат А-ның  мектеп ауласында  өтіп бара жатқан жәбірленуші Р-ны қарсы кездестіріп,  бет тұсынан бір рет қолымен ұрып, оның қолындағы құны 4000 теңге тұратын қол сөмкесін тартып алып, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы А. ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

26/12/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья З.Жарылкасынова қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

«Мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/12/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында «Мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасын арттыру» тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстелге №2 соттың судьялары, сот қызметкерлері, прокуратура және құқық қорғау органының қызметкерлері қатысты.

Судья А.Сайдуллаев өз баяндамасында, қаралған істер бойынша мемлекеттік тілдегі жалпы құжат айналым үлесі 2016 жылда  90% -ды құрағанын атап көрсетті.

Мемлекеттік тілде жүргізілген жалпы құжат айналымының бірден бір көрсеткіші – мемлекеттік органдар және соттар арасындағы шығыс құжат айналымы.