Архив событий

29/12/2016

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

29/12/2016

Қызылорда қалалық соты төрағасы А.М.Бабатов судьялардың және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда облыстық сотының 26.12.2016 жылғы жалпы отырысының хаттамалық шешімін орындау мақсатында жедел кеңес өткізді.

Қазалы аудандық сотында семинар өткізілді

29/12/2016

Қазалы аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Қазыбеков жүргізді.

Автокөлікті басқару құқығынан үш жылға айырылды

29/12/2016

Шиелі аудандық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Е-нің Шиелі кенті Шыныбеков көшесінің бойында автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде басқарғаны анықталған.

Соттың қаулысымен Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Аудандық сотта семинар сабағы өтті

29/12/2016

Сырдария аудандық сотында сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 5 наурызындағы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген «Аудандық соттың мұрағатын ұйымдастыру» нұсқаулығын талқылау аясында семинар сабағы өткізілді.

Дау медиациялық келісіммен шешілді

29/12/2016

Қызылорда қаласының аумағында жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде азамат К. әкімшілік соттың қаулысымен кінәлі деп танылған. Сотқа берген арызында талап қоюшы Н. жауапкер К-ден 163 мың  материалдық зиянды, 5000 теңге өкілге төленген шығынды және мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығынын өндіруді сұраған.  

Қылмыстық жазаға тартылды

29/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған сотталушы Е. жәбірленуші А-ны кездестіріп, оның құны 30 000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын қоңырау шалып алайын деп сұрап алған.

Осыдан кейін жәбірленуші А. өзінің ұялы телефонын сотталушы Е-ден қайтарып беруін сұраған кезде, ол  «ұялы телефоныңды қайтарып бермеймін» деп,  А-ның он жақ бет тұсынан бір мәрте соққы беріп, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Сот актісін орындамағаны үшін сот әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

29/12/2016

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. Арал аудандық сотының 24 желтоқсан 2014 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы С-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Борышкерге сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 1 228 315 теңгені құраған.

Неке сақталып қалды

29/12/2016

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Г. мен жауапкер  Е-нің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Аудандық сотқа талап қоюшы Г. арыз беріп, онда жауапкер Е.  екеуінің араларындағы некені бұзуды сұраған.

Алайда, талап қоюшы сотқа өтінім беріп, өтінімінде мәлімделген талабын қолдамайтынын, себебі, қазіргі кезде жауапкермен татуласып, бір отбасында ерлі-зайыптылар қатарында өмір сүріп жатқандығын көрсетіп, талап арызды қараусыз қалдыруды өтінген.

Сот үкімімен 10 жылға сотталды

29/12/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған 41 жастағы сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Банктік қарызды өндіру туралы талап ішінара қанағаттандырылды

29/12/2016

Сырдария аудандық сотында талап қоюшы «Finance» Арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер К-дан банктік заем шарты бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік баж алымы шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

29/12/2016

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Б.Жаңабаев сотта  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотталушы Ж. жәбірленуші С-ның ұялы телефонына хабарласып, әңгіме арасында банкке оператор қызметіне жұмысқа тұрғызып бере алатынын, сыйақы ретінде 230 000 теңге берсең болды қалғанын өзім реттестіремін деп, оның назарын өзіне аударған.

Содан, жәбірленуші С. жұмысқа тұру үшін 100 000 теңгесін, одан кейін  130 000 теңгесін сотталушы Ж-ға берген.