Архив событий

21/12/2016

«Сот ғимаратында азаматтардың кіріп шығуын реттеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өтті

21/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотының аға сот жасауылы И.Нұрсейтовтың жүргізуімен сот мамандарының арасында «Сот ғимаратында азаматтардың  кіріп шығуын реттеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Жалағаш аудандық сотында «Маскүнемдікпен күресу – маңызды міндеттердің бірі» тақырыбында брифинг өтті

21/12/2016

«Әзәзіл суы» немесе «Отты су» деп аталып кеткен спиртті ішімдіктер талай отбасының берекесін кетіріп қана қоймай, көшелер мен қоғамдық орындарда көптеген қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың жасалуының себепшісі болып жататыны белгілі. 

Сот төрағасы семинар сабағын өткізді

21/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өткізілді.

Семинарды сот төрағасы А.Әбу бастап, сөз кезегін судья Қ.Бержановқа берді. Судья Қ.Бержанов баяндамасында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» заңына тоқталды.   

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

21/12/2016

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігімен қаралған Т-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Сот 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

21/12/2016

Сырдария аудандық сотында азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Р. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған. Осы әрекетімен, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі Қағидаларының 2-бөлім 4-тармағының 2-тармақшасының талабын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Алимент өндіру туралы талап ішінара қанағаттандырылды

21/12/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Р-ның баласын асырап бағу үшін алимент өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес,  талап қоюшы Р. талап арызында, жауапкер Е-ден  білім беру жүйесінде оқитын баласы Ғ-ны асырап бағу үшін ай сайын 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент  өндіруді сұраған.

Сот шешімімен талап қоюшы Р-ның талабы ішінара қанағаттандырылып,  жауапкер Е-ден білім беру жүйесіндегі оқу мерзіміне 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент және мемлекеттік баж алымы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде жымқырған

21/12/2016

Арал аудандық сотында азамат О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы О. 2015 жылдың 1 қарашасынан 2016 жылдың 17 сәуірі аралығында «Г» ЖШС-не қарасты «А» дүкенінде аға сатушы болып жүріп, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде талан-таражға салып, яғни жымқырып, осы әрекетімен «Г» ЖШС-не жалпы құны 3 598 338 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Қызылордада адамды ұрлап, абайсызда оның өліміне әкелген кінәліге қатысты сот үкімі шықты

21/12/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қорқытып, адам ұрлап, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған сотталушы С-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша айыптау үкімі жарияланды.

«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

21/12/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы кіріспе сөзімен ашып, сөз кезегін баяндамашыға берді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылып, іс бойынша жекеше қаулы шығарылды

21/12/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н.  Әйтеке би кентіндегі үйге әйелін  іздеп барып, оған былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.