Архив событий

20/12/2016

Жалағаш аудандық сотында «Тәуелсіздік елдігімнің белгісі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

20/12/2016

Аудандық соттың төрағасы  А.Мизанбаевтың  жүргізуімен  өткізілген дөңгелек үстелге аудандық сот судьясы Т.Темірбаев, аудандық прокурордың аға көмекшісі Ж.Еркінов, аудандық әкім аппаратының заң бөлімінің өкілі Ғ.Жанашев, әділет басқармасының басшысы Қ.Бөленбаев, мұрағат бөлімінің директоры Ж.Ибраев, қорғаушы-адвокат Ә.Хусайнов және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаев қатысты.

Қайталап құқық бұзушылық жасаған

20/12/2016

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарынан анықталғаны құқық бұзушы Б. жәбірленуші Г-ға  былапыт сөйлеп, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. 

Құқық бұзушы Б. бұрын ҚР ӘКБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жазаға тартылғанына қарамастан, нақ осы әрекетті бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

«Мемлекеттік тіл-ұлт болашағы» тақырыбында семинар сабақ өтті

20/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сот мамандарының арасында «Мемлекеттік тіл-ұлт болашағы» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Шараға кеңсе меңгеруші мен сот мамандары қатысты.

Семинар барысында бас маман-сот отырысының хатшысы М.Кенжанова: «Мемлекеттік тіл Қазақстанның бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, ғылым, білім, мәдениет,денсаулық сақтау және қызмет көрсету салалары, радио, теледидар, мерзімді баспасөз, ақпарат құралдары, іс қағаздарының тілі» екенін атап өтті.

Құқық бұзушыға айыппұл салынды

20/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелет жасына толмаған баласы А-ның оқуға бармай қалуына жол беріп, оқыту жөніндегі міндеттерін  орындамаған құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. баласының  сабақтан  қалғаны  рас  екенін,  қазіргі уақытта  сабаққа  барып  жүргенін,  кінәсін мойындайтынын, айыппұл соммасын азайтуды сұрайтынын, кәмелетке  толмаған А. алдағы уақытта сабақтан қалмайтынын  көрсетті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

20/12/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Брифингті аудандық соттың судьясы Г.З.Тиштикбаева жүргізді.

Шара барысында судья Г.З.Тиштикбаева Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен айыпталған  сотталушы М-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы М. Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесінің бойында орналасқан жанармай құю бекетінің жанында жәбірленуші М-мен өзара жанжалдасып қалып, соңғының  оң көзінен ұрып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

20/12/2016

Сырдария аудандық сотында аудандық  аурухананың  азамат М-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы қаралды.

Сот отырысында, арызданушы өкілі алкоголизм дертіне шалдыққан М-ның сот медициналық қорытындысына сәйкес, кәнігі маскүнем екендігін және оның алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететіні бекітілгенін, өз еркімен емделуге бармайтынын және ішкілік ішкенді қоя алмайтынын, ішімдікке салынып бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шаралар көрілгенін,  еріксіз емдеуді қажет ететінін атап көрсеткен.

Отбасылық жанжал үшін жауапкершілік

20/12/2016

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде әйелімен айқайласып, оған балағат сөздер айтып, оның жанжалды доғар деген талабына құлақ аспаған.

Сотта жәбірленуші А. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

20/12/2016

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ш» жауапкершілігі серіктестігін банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«Ш» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 27.07.2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 13 372 283 теңге, оның ішінде бересі – 10 460 436 теңге, өсімпұл – 2 911 847 теңгені құраған.

Сот шешімімен алимент мөлшері төмендетілді

20/12/2016

Талапкер А.  Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер  Б-ның  пайдасына  кәмелетке толмаған  екі  баласын  асырап  бағу  үшін барлық  табысының 1/3 бөлігі  мөлшерінде, жауапкер Д-ның пайдасына кәмелетке толмаған  бір  баласын  асырап  бағу  үшін  барлық  табысының  ¼  бөлігі мөлшерінде, барлығы 58 пайыз  көлемінде  алимент  төлеп  отырғанын, заң талабына  сәйкес алимент мөлшері 50 пайыздан  аспауы  керек  екенін көрсетіп, соттан жауапкерлер Б.