Архив событий

13/12/2016

Қазалы аудандық сотында 2016 жылдың 11 айының жұмыс қорытындысы бойынша талқылау өтті

13/12/2016

Қазалы аудандық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен ағымдағы жылдың 11 айында қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы талқылау өтті.

Талқылау барысында сот төрағасы Қ.Темірбаев ағымдағы жылдың 11 айында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру, сот отырыстарын уақытылы бастау, істерді қысқа мерзімдерде қарау қажеттілігін атап өтіп,  статистикалық есептерге тоқталды.

Семинар сабақ өткізілді

13/12/2016

Сырдария аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар » тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға судья Ж.Жолдасов және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы БҰҰ-ның өкілімен кездесу өткізді

13/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу БҰҰ-ның халықаралық маманы Базилио Буффонимен кездесу өткізді.

Жүздесудің мақсаты  сот жұмысымен танысу және Қазақстанда кәмелетке толмағандар істері бойынша сот әділдігін дамыту бойынша әрі қарай өзара ынтымақтастықты талқылау және кәмелетке  толмағандардың істері  жөніндегі  соттардың  қазақстандық моделін бағалау болды.

Қазалы аудандық сотында брифинг өтті

13/12/2016

Қазалы аудандық сотында «Қазалы» газеті тілшісінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингте судья Қ.Мыханов ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қаралған құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Азаматтық іс бойынша брифинг өтті

13/12/2016

Қазалы аудандық сотында азаматтық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті аудандық соттың судьясы Д.Әбдіқалықов жүргізді.

Шара барысында судья Д.Әбдіқалықов талап қоюшы «F» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер С-дан банктік қарыз шарты бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі бойынша мәлімет берді.

Сот ұжымы көмек қолын созды

13/12/2016

“Жерде жетім жыласа, көкте періште налиды” деп жатамыз. Балалар үйлеріндегі әрбір жеткіншек – Отанымыздың басты құндылығы. Оларға тиісті көңіл бөліп, бала жастан қамқорлық көрсетіп отыру – қасиетті парыз.

«Жетім көрсе, жебей жүретін» облыс соттары тұрақты түрде Сәбилер үйіне көңіл бөліп, назардан тыс қалдырмай сыйлықтарын тарту етумен келеді. Қызылорда облыстық соты Сәбилер үйінің есепшотына 200000 мың теңге қаржы аударып, көмек қолын созды.

Сот төрағасы студенттермен кездесу өткізді

13/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев, судья Ш.Қожантаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

«Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

13/12/2016

Байқоңыр  қалалық сотында 2016 жылдың 22 желтоқсанында сағат 16-00 мен 18-00 аралығында «Ашық есік күні» өткізіледі.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (33622) 7-38-55 номеріне хабарласуына болады.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотымен құқық бұзушыға айыппұл салынды.         

Құқық бұзушы Р. кәмелетке толмаған ұлы Б-ға заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ң 56-бабына сәйкес, құқық бұзушының өкінуі, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар ретінде танылуға жатады.

Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс қысқартылды

13/12/2016

Арал аудандық сотында азаматша К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша К. үйінің алдына, яғни белгіленбеген орынға үйінен шыққан күл-қоқысын тастап, ортақ пайдалану орындарын ластаған деп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сотта азаматша К. күл-қоқысты есігінің алдын биіктету үшін тастағанын, құқық бұзушылық жасайтын ниеті, мақсаты, ойы болмағанын көрсеткен.

Қазалы аудандық сотында Судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қойылған мақсат-міндеттер талқыланды

13/12/2016

Қазалы аудандық сотында сот төрағасының және  судьялардың қатысуымен  2016 жылдың 21 қарашасында өткен Судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қойылған мақсат-міндеттер талқыланды.

Талқылауда аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаев Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары құқық қорғау органдары мен соттардың қызметінің барлық қырын қамтитынын,  қазіргі таңда судьяларға қойылатын талаптар барынша қатайтылғандығына тоқталып, судьялардың алдына қойылған 5 негізгі міндеттерді атап өтті.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (13.12.2016 ж.)

13/12/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1).Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік  соты  кеңсесінің жетекші маманы (С-R-5 санаты) (1 бірлік) лауазымына:

          1. Аскарова  Жанар  Муратовна.

2).Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік  соты  кеңсесінің жетекші маманы (С-R-5 санаты) (1 бірлік  уақытша  17.10.2017 ж.  дейін уақытша  бос) лауазымына: