Архив событий

30/12/2016

Қызылорда облыстық соты жаңа жыл мерекесін атап өтті

30/12/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотында Жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың соттар әкімшісі басшысының орынбасары, бөлім басшылары, сот мамандары қатысты.

Қызылорда облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Қайрат Адранов мерекелік баяндама жасап, қатысушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Құрметті әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

30/12/2016

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасыр жылнамасында тағы бір жыл тарих қойнауында қалды.

2016 жыл біз үшін нәтижелі жетістіктерге, маңызды шараларға толы жыл болды.

Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын мереке.

Жаңа 2017 жылдан күтер үмітіміз көп, атқарылар іс те аз емес.

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жаңа нормалары аясында брифинг өткізілді

30/12/2016

Шиелі аудандық сотында «Өскен өңір» газетінің өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жаңа нормалары тақырыбында брифинг өткізілді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді.

«Қылмыстық істер бойынша тергеп тексерудің кемшіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

30/12/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында «Қылмыстық істер бойынша тергеп тексерудің кемшіліктері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Алиев және судьялар, сот қызметкерлері, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Н.Калиев, Қызылорда қалалық прокуратурадан Н.Оңғарбаев, Көлік прокурорының орынбасары С.Алиханов, Қызылорда ст. ЖІІБ-нің тергеу бөлімінің бастығы Е.Сексенбаев және Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының тілшілері  қатысты.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібі негізінде татуласты

30/12/2016

Сырдария аудандық сотында талапкер К. мен жауапкер Н. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша тараптар сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Кездесу барысында талқыланды

30/12/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы мен судьялары Қызылорда облыстық прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуымен «Заңсыз салынған құрылыстарға меншік құқығын тану туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында семинар өткізді.

Жиында сот төрағасы үстіміздегі жылы жер телімдеріне қатысты азаматтық істердің үлесі зор болып отырғандығын атап көрсетті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

30/12/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы өзімен бірге спирт ішімдігін ішкен бөтелкелесін асхана пышағымен жәбірленушінің денесінің әр жерлерінен пышақпен ұрып, өлімге әкеп соғатын екі мәрте бүйрек тұсынан ұрып, қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өлтірген қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Неке бұзу туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

30/12/2016

        Қазалы аудандық сотында талап қоюшы І-нің жауапкер Ж-мен араларындағы некесін бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

        Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы І. талап арызында, жауапкер Ж-мен  2010 жылдан бастап неке-отбасы қатынасында екенін, осы некелерінен 3 балалы болғандарын, бұдан әрі қарай бірлесіп өмір сүру және отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, жауапкермен араларындағы тіркелген некені бұзуды сұраған.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

30/12/2016

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Б.Жаңабаев сотта қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотталушы Г. Қызылорда қаласы, Бейбітшілік көшесінің бойынан құрықталып, сөмкесіне тексеру жүргізіліп, одан заңсыз сақтап, тасымалдап жүрген салмағы 305,68 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленген.

Сөйтіп, сотталушы Г. ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.