Архив событий

28/12/2016

БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді

28/12/2016

Шиелі аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкiмшiлiк жаза тағайындау бөлігінде заңды қолдану туралы» брифинг өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы  М.Еркінбеков БАҚ өкілдеріне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық Кодексінің Ерекше бөлігінің бабында көзделген шекте Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылатынын атап көрсетті. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiстігін айтып берді.

Жаңақорған аудандық соты Жаңақорған кентіндегі №51 орта мектепте көшпелі сот отырысын өткізді

28/12/2016

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков Жаңақорған кентіндегі №51 орта мектебінің мәжіліс залында көшпелі ашық сот отырысын өткізді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген көшпелі сот отырысына жоғарғы сыныптағы мектеп оқушылары  қатыстырылды.

Материалдық залал өндіру ісі бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

28/12/2016

Қазалы аудандық сотында келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы А. сотқа талап-арызбен жүгініп,    онда жауапкер И-ден өзіне келтірілген 100 000 теңге материалдық залалды және 800 теңге баж алымын өндіруді сұраған.   

Сотта  тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірістен  тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Ювеналды сотта семинар-тренинг өткізілді

28/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.К.Әбу, судья Қ.М.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы А.К.Әбу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңына тоқталып, сөз кезегін судья Қ.М.Бержановқа берді.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

28/12/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья К.Ә.Сәдуақасова «Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне дау айту туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында хабарлама жасап, сот өндірісіндегі осы санаттағы істердің қаралу барысына тоқталды.

Брифингте судья өзінің өндірісінде болған азаматтық іс туралы нақты айтып, азаматтық істің қаралуы барысында туындайтын мәселелерге тоқталды

Тұрғын үйді бөлу және сату құқығын беру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

28/12/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы С-ның  тұрғын үйді екіге бөлу және сату құқығын беру туралы  азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы С. сотқа талап-арызбен жүгініп, онда, Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйде ½ үлесі бар екенін көрсетіп, осы тұрғын үйді екіге бөліп сатуды, сату құқығын өзіне беруді, жауапкер О-дан  мұрагерлік куәлікті нотариустен алуды міндеттеуді, үйдің суға, жарыққа қарызын, салығын жауапкерге төлеттіруді, үйдің құжаттарын жауапкерден алып беруді, үйді сот арқылы ашып, заттарын түгендеуді  сұраған.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдік жауапкершілікке тартылды

28/12/2016

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы А. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Мас күйінде көлік құралын жүргізген

28/12/2016

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы К., көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К., Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

28/12/2016

Арал аудандық орталық ауруханасы азамат Б-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген. Өткізілген сараптама қорытындысы, оның кәнігі маскүнем екендігін және оның алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететіні жайлы қорытындыға келген.

Сот отырысында, арызданушы өкілі алкоголизм дертіне шалдыққан Б-ның нарколог дәрігердің есебінде тұратынын, ол өз еркімен емделуге бармайтынын және ішкілік ішкенді қоя алмайтынын, ішімдікке салынып бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шаралар көрілгенін, еріксіз емдеуді қажет ететінін атап көрсеткен.

Сот заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы іс қарады

28/12/2016

Қызылорда қалалық соты туыстық қарым-қатынасты анықтау туралы азаматтық іс қарады.

Іс материалдары бойынша, арыз беруші  қайтыс болған апасынан қалған жеке үйге мұрагерлікті тану үшін   жеке нотариусқа жүгініп, алайда, арыз берушінің және апасының туу туралы куәліктерінде анасының тегі  қате жазылғандықтан жеке нотариус мұрагерлікті танудан бас тартқан. Сол себепті туыстық қарым-қатынасты анықтап беруін сұрады.

Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 132 бабымен кінәлі деп танылды

28/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Д-ға әкімшілік іс бойынша айыппұл салынды.

Құқық бұзушы Д. «Т» компьютерлік клубының администраторы болып  қызмет  жасап  жүріп кәмелетке толмаған М. мен Е-ні заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Яғни, ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасаған.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

28/12/2016

Арал аудандық сотында Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер А-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге  салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 14-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, салық төлеуші осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті.