Архив событий

06/12/2016

Шиелі аудандық сотында 2016 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өтті

06/12/2016

Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында 2016 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

Шара барысында сот төрағасы М.Еркінбеков есепті мерзімде атқарылған жұмыстарды,  статистикалық мәліметтерді атап  өтті.

Банктік заем шарты бойынша несие қарызы ішінара өндірілді

06/12/2016

Қазалы аудандық сотында  арыз беруші «F» АҚ-ның жауапкер Т-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

«F» АҚ-ы сотқа талап-арызбен жүгініп, онда жауапкер Т-мен  11.09.2008 жылғы несие келісімі бойынша қарыз сомасы, шешім шыққан күнге теңге курсымен, 44 234 АҚШ долларын құрағандығын, жауапкер өз міндеттемесін тиісті түрде орындамағандықтан қарыз сомасын өндіруді сұраған.

Соттың шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына жауапкерден барлығы 15 411 218 теңге өндірілді.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/12/2016

Талапкер «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «К» акционерлік қоғамынан 1 174 838 теңге, тұрақсыздық айыппұл 53 600 теңге, өкілдік шығындар 100 000 теңге және 38 500 теңге мемлекеттік баж өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Әкімшілік іс қысқартылды

06/12/2016

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушылық жасаған И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы И. Жосалы кенті, Балқы базар көшесі бойында ортақ пайдалану орындарын ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.         

Сот, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы И.-дің әкімшілік ісі әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Жол-көлік оқиғасын жасап, мүліктік залал келтірген

06/12/2016

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, азамат У. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, 25 қазан 2016 жылы сағат 19.30 шамасында, Әбілхайырхан көшесі бойында көлік құралын басқарып, Арал қаласы әкімшілігіне қарасты темір қоршауға соғып, жәбірленушіге 25000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірген.

Сот қаулысымен азамат У. ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 29694 теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

06/12/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қазалы аудандық сотының 18.03.2015 жылғы сот бұйрығына сәйкес борышкер Б-дан өндіріп алушы Ж-ның пайдасына 1/3 бөлікте алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс қозғалған. Борышкер Б. қарызын төлемей, соттың актісін қасақана орындамай, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

06/12/2016

Сырдария аудандық сотында талап қоюшы П-ның жауапкер Ж-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талапкер талап арызында, жауапкермен 2010 жылдан бері заңды некеде тұратынын, осы некеден кәмелетке толмаған үш балаларының бар екенін, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

06/12/2016

Талап қоюшы қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер Б-ның кәмелетке толмаған А. есімді баласы  бар екенін, жауапкер баласын әжесі Ж-ның тәрбиесіне қалдырғанын және өзінің ата-аналық міндетін орындамай, материалдық көмек бермегенін, баланың тәрбиесімен айналыспағанын көрсетіп, оны кәмелетке толмаған А-ға  қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұраған.

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы

06/12/2016

Арал аудандық сотында сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Т. көлік құралын Бақтыбай батыр көшесі бойымен басқарып келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтіндей жылдамдықты асырып жүріп, жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол көлік оқиғасы нәтижесінде бір жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмса, екіншісі аудандық ауруханаға жатқызылған.