Архив событий

12/12/2016

Өгей әкесіне қол жұмсаған азаматқа шектеу жазасы тағайындалды

12/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Ж. жәбірленуші К-ның анасына айқайлап ұрысқанын себеп қылып, екеуінің арасында ерегіс туындап, іш тұсынан қолындағы пышақпен бір рет ұрып, өгей әкесінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені анықталды.

Жәбірленуші К. сот отырысы барысында сотталушыға кешірім беріп, татуласқанын, жазасын жеңілдетуді сұрайтынын  көрсетті.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс сот өндірісінен тоқтатылды

12/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында мектеп директоры Б-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген «білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитариялық қағидасының тармақшаларының талаптары бұзылуына байланысты берілген  нұсқаманың орындалмауына қатысты Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама  толтырылған.

Тиым салынған заттарды бергені үшін әкімшілік жазаға тартылды

12/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында құқық  бұзушы Б-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Б-мен тергеу қамауында  жатқан М-ға алып келген азық түліктерінің ішінде 1-дана 2000 теңге, 1-дана Beeline сим картасы, 1-дана ұялы телефон «Нокия» және 1 пачка (10 дана) рапира алмасы табылған.

Құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Карантинге жатқызылған өнімді өткізгені үшін айыппұл салынды

12/12/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотында  құқық бұзушы Б-ға  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық  бұзушы Б. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан құрма өнімін алып келіп, Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесі бойында орналасқан жеміс-жидектердің көтерме сауда нүктесіне өткізген.

Сора өсімдіктерін заңсыз өсіріп, иемденіп, сақтаған азаматтың бас бостандығы шектелді

12/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат К-ның Сырдария өзенінің жағалауында жыңғыл ағаштарының арасында 2 түп құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған сора өсімдіктерін суғарып баптап отырған жерінде ұсталғаны анықталды.

Сот азаматшаның туу фактісін анықтады

12/12/2016

Қармақшы аудандық соты азаматша М-ның туу туралы фактісін анықтау туралы өтініші бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта анықталғандай, азаматша М-ның ата-анасы оның туылғаны жөнінде тіркеу органдарына тіркелмегендіктен, бірінші күні оның жеке басын куәландыратын  құжаттары жоқ. Осы фактіні анықтау туу туралы тіркеу жүргізу, туу туралы куәлік алу үшін қажет.

Ірі көлемде ұрлық жасағандары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

12/12/2016

Жалағаш аудандық сотында ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған сотталушылар  У, Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар У., Т., жәбірленушілер О. және Ш-нің үй жайларына заңсыз кіріп бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып 3 248 000 теңгеге ірі көлемде мүліктік залал келтіргені анықталды.

Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

12/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «К» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

«К» ЖШС-мен Қызылорда облысы бойынша Кірістер Департаментіне  декларация бойынша кеден заңнамасында белгіленген әрекеттер жүргізу  үшін тауарлар ұсынған.

Кедендік тексеру жүргізу барысында заттар тиелген автокөлік құралдарының ашылғаны және заттардың  түсірілгені  анықталған.

Тиісті құжатсыз газ құбырын жүргізген

12/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында заңды тұлға «Н» ЖШС-не қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Заңды тұлға «Н» ЖШС Қызылорда қаласындағы «АГТС-2»-ден Абай аулындағы кірпіш заводына дейін газ құбырын жүргізу жұмыстары» объектісі жерге тиісті құжатсыз газ құбырын жүргізіп, заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Құқық бұзушы «Н» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз тұрғызылған құрылыс объектісін мәжбүрлеп бұза отырып, оған 30  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 63630 теңге  айыппұл  салынды.

Қайыршылық жасаумен айналысқан

12/12/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік сотында құқық бұзушы Х-ға  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Х. 12.10.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрып, алайда пайда табу мақсатында Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесінің бойында қайыршылықпен айналысып жүрген жерінен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Әйелінің мазасын алып, отбасында жанжал шығарған

12/12/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік сотында құқық бұзушы Е-ге  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық  бұзушы Е. Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті Жүнісбаев көшесіндегі  үйіне алкогольдік масаю күйінде келіп, әйелі О-ның мазасын алып, отбасы жанжалын шығарған. Сөйтіп, құқық бұзушы Е. ішкі істер органының 19.09.2016 жылғы қорғау нұсқамасын бұзған.

Соттың  қаулысымен  құқық бұзушы Е. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.