Архив событий

08/12/2016

«Медиация тәртібімен қаралған азаматтық істер» тақырыбында брифинг өткізілді

08/12/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация тәртібімен қаралған азаматтық істер» тақырыбында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен судья М.Сарсенов брифинг өткізді.

Байқоңыр қалалық сотында Судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қойылған мақсат-міндеттер талқыланды

08/12/2016

Бүгін Байқоңыр қалалық сотында сот төрағасының, судьялар мен сот мамандарының қатысуымен  2016 жылдың 21 қарашасында өткен Судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қойылған мақсат-міндеттер талқыланды.

Талқылауда Елбасымыз Н.Назарбаевтың сот жүйесіне қатысты көтерген  өзекті мәселелері, яғни сот тәуелсіздігі, сот төрелігінің одан әрі жетілуі, сот билігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сот кадрларының кәсіби және өнегелік деңгейін арттыру аясында сөз өрбіді.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

08/12/2016

Шиелі аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті аудандық сотының  судьясы  А.Жолдыбаев жүргізді.

Шара барысында судья А.Жолдыбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен сотталған М-ның қылмыстық ісі бойынша түсіндірме берді.

Іс құжаттарына сай, сотталушы М. азаматша А-ны қазақ орта мектебі жанындағы интернатқа тәрбиеші ретінде қызметке қабылдау үшін 300 000 теңге көлемінде пара алған.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 11 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

08/12/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Судья С.Умарсирикова қатысушыларға 2016 жылдың 11 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 3849 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 3372  іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

«Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына санкция беру» тақырыбында брифинг өткізілді

08/12/2016

Қармақшы аудандық сотында өткен брифингте Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293 бабының 3 бөлігі 2-тармағымен күдікті Т-ны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілу жөнінде ақпарат ұсынылды.

Брифингті аудандық сот төрағасы Қ.Абдуллаев жүргізді.

2016 жылдың қараша айының 30 күні жергілікті уақыт 02:00 шамасында Т., өзінің достары Ж., П., және Е-ның басқаруындағы «Toyota» маркалы автокөлігімен көшеге шығып, сусын алуға кент орталығындағы азық-түлік дүкеніне тоқтаған.

Жаңақорған аудандық сотында 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

08/12/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының қатысуымен ағымдағы жылдың 11 айында қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы пресс-конференция өткізді.

Пресс-конференция барысында сот төрағасы Н.Қосанов ағымдағы жылдың 11 айында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны туралы айтып, статистикалық есептерге тоқталды.

Заңсыз қаруды алып жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

08/12/2016

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. 2 қараша 2016 жылы Арал ауданы, Ақеспе ауылдық округі Кіші Арал теңізінің жағалауында, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз алып жүрген.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот оңайлатылған іс-жүргізу тәртібінде шешім шығарды

08/12/2016

Байқоңыр қалалық сотымен талап қоюшы ООО МФО «ИНВЕСТ ГРУПП» жауапкер А-ға қатысты оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен берешекті өндіру туралы  азаматтық істі қарады.  

2016 жылдың ақпанында талап қоюшы мен жауапкер арасында несие беру жөнінде келісім шарт жасалған. Осы келісім шарт бойынша жауапкерге 200 000 теңге несие берілген. Келісім шарттың 2.5 тармағында көрсетілгендей жауапкер 2016 жылдың наурыз айының 19-да несиені өтеуге міндеттелген.

Әкімшілік іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

08/12/2016

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М. өз үйінде жанжал шығарып, әйелі К-ге балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныды

08/12/2016

Сырдария аудандық сотында арыз беруші Б-ның інісін әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, арыз беруші Б. інісі Р-ның бала кезінен бері психиатриялық диспансерде есепте тұратындығын, психикалық ауруының салдарынан өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбейтіндігін, ол өзінің әрекетіне жауап бере алмайтындығын, сондықтан  оны  әрекетке қабілетсіз деп тануды, арызын қанағаттандыруды сұрады.

Сот шешімімен арыз беруші Б-ның арызы қанағаттандырылды.