Архив событий

14/12/2016

Сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған шаралар бойынша баспасөз конференциясын өткізді

14/12/2016

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев БАҚ өкілдерінің қатысуымен сот әділдігін жүзеге асыру барасында атқарылған шаралар бойынша баспасөз конференциясын өткізді .

 Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына 2016 жылдың он бір айында 5694 әкімшілік іс келіп түскен Оның ішінде 14 әкімшілік іс ведомстволық бағыныстылық бойынша қарау үшін жолданса, 5598  әкімшілік іс негізінен қаралған.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді

14/12/2016

Бүгін Байқоңыр қалалық сотында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, қалалық соттың қызметкерлерінің қатысуларымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстелде қалалық соттың судьясы Қ..Нұрпейсова өз баяндамасында өткен 25 жыл аралығында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне, соның ішінде сот жүйесінде қол жеткізген жетістіктерге, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

14/12/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингті аудандық соттың судьясы Қ.Мыханов жүргізді.

Шара барысында судья Қ.Мыханов ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Р-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

ҚР Судьяларының кезектен тыс VII сьезінде қойылған міндеттер аясында брифинг өткізді

14/12/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ш.Қожантаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс  өткізілген VII сьезінде қойылған міндеттер аясында брифинг өткізді.

Брифингте судья Ш.Қожантаев Елбасымыз Н.Назарбаевтың сот билігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сот кадрларының кәсіби деңгейін арттыру аясында атқарылатын міндеттерге тоқталды.

Әйеліне былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жазаға тартылды

14/12/2016

Қармақшы аудандық сотында А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. өз үйінде жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп, тыныштығын бұзғаны анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігінде отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген.

Қарыз сомасын өндіру қанағаттандырусыз қалдырылды

14/12/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «F» ЖШС-нің жауапкер К-ден банктік қарыз шарты бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, «F» ЖШС-гі сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда «Альянс Банк» АҚ-ы және жауапкер  К. арасында жасасқан 10-қыркүйек 2007 жылғы банктік қарыз шарты бойынша  жауапкерден 131 403 теңге  қарызын және 3942 теңге баж шығындарын өндіруді сұраған.

Басты сот талқылауында талап қоюшының талап қою мерзімін өткізіп алғандығы анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

14/12/2016

Қармақшы аудандық сотында К-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. өз үйінде жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп, тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот отырысында медиатордың қатысуымен жәбірленуші мен құқық бұзушы медиациялық келісімге келіп, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты құқық бұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, іс тоқтатылды.     

Көлік құралын қағидаларын бұзған азаматшаға пробациялық бақылау белгіленді

14/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы З-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азаматша З. автокөлігімен Бөкейхан көшесінің қиылысында орналасқан бағдаршамның қызыл түсті белгісіне тоқтамай өтіп кетіп, бұрылып келе жатқан азамат С-ның автокөлігіне соқтығысып, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны  анықталды.

Нәтижесінде, сотталушы З-ның автокөлігінің артқы орындығында отырған жолаушы Г. оқиға орнында қайтыс болған. 

Ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

14/12/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы Д-ның жауапкер А-дан ортақ мүлкін бөлу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талабында жауапкерден бірге тұрған уақытта бірігіп сатып алынған ортақ автокөліктің құнының жар бағасын өндіріп беруді сұраған.

Сотта тараптармен кәсіби медиатормен бекітілген, дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынылды.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

14/12/2016

Талап қоюшы «А» акционерлік қоғамы сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «А» жеке кәсіпкерінен 2 491 278 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарына сәйкес,  2015 жылдың 2-сәуірінде тараптар арасында №6-15/8 несие беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша талап қоюшы жауапкерге 2020 жылдың 2-сәуіріне дейін 15 бас мүйізді ірі қара сатып алу үшін  3 000 000 теңге сомасында несие берген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

Теріс қылық жасағаны үшін айыппұл жазасы тағайындалды

14/12/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Ш-ның мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз «Зил 130» маркалы автокөлігін уақытша жалға алып, дизель отынын тасымалдау мақсатында теріс қылық жасағаны анықталды.

Сарапшы қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған «Зил 130» маркалы автокөлігінің цистернасындағы құйылған сұйықтық зат үлгісі мұнай өнімінің жазғы дизель жанар майына жататындығы бекітілген.

Соттың шешімімен сыйға тарту шарты күшінде қалдырылды

14/12/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А-ның сыйға тарту шартының күшін жоюды сұраған  азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А. талап арызында жасы тоқсанға келгенін, өзімен бірге Т. есімді баласы тұратынын,  заңды білмегендіктен 2012 жылы өзінің меншігіндегі үйді баласына сыйға тартқанын, өзінің алданып қалғанын көрсетіп, сыйға тарту шартын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Сот отырысында талап қоюшы сотқа жауапкердің заң талаптарына сәйкес сыйға тартудың күшін жоюға негіз беретін дәлелдерін ұсынбағандығы анықталды.