Архив событий

22/12/2016

Қайырымдылық шарасы өткізілді

22/12/2016

Қармақшы аудандық сотының  ұжымы мүмкіндігі шектеулі балаларды  Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сыйлықпен қамтамасыз ету мақсатында «АҢСАҒАН» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігіне қаржылай көмек көрсетті.

Қайырымдылық көмегі үшін «АҢСАҒАН» МШБҚБ-нің төрайымы сот ұжымына алғыстарын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.

Сотта семинар-тренинг өткізілді

22/12/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендерлік саясат: Қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, прокурор  Ғ.Алмағанбетов, кеңсе меңгеруші Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

22/12/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы жәбірленушіні еркінен тыс мәжбүрлеп автокөлікке отырғызып, қатты жылдамдықпен жүріп кеткен. «Тоқта» деген өтінішіне құлақ салмаған соң, жәбірленуші көліктен секіріп, жерге құлаған. Алған ауыр жарақаттардан жәбірленуші ауруханада көз жұмған  қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына судья жауап берді.

Алкогольді масаң күйде автокөлік басқарған

22/12/2016

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы Н. автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жауапкер талапты толығымен мойындады

22/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына  талапкер  Д. талап  арыз беріп,  онда жауапкер А-мен заңды некеде болғанын, сот шешімімен неке бұзылғанын, ажырасқаннан  кейін   қайта  қосылып бірнеше уақыт  бірге  тұрғандарын,  ортақ некеден кәмелетке толмаған Н. есімді  қызы  бар екенін, қазіргі уақытта бала өзімен бірге тұратынын, баланы асырап бағуға  жауапкер материалдық көмек бермейтінін көрсетіп, соттан жауапкерден кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелігін анықтап, алимент өндіруді сұрады.

Темекі тұқылын тастағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

22/12/2016

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық жасаған  М-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы М. қонақ үй жанында темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, сол  іс-әрекетімен  ұсақ бұзақылық жасаған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкiмшiлiк айыппұл салынды

22/12/2016

Қармақшы аудандық сотында Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Б. белгіленбеген орында темекі қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  14 847 теңге  айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.    

Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

22/12/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. Жосалы  кентінде  орналасқан «М» кафесінің  иесі болып,  осы  ойын-сауық  орнына жауапты  тұлға  бола тұра 5 қараша 2016 жылы сағат 04:00 шамасында кәмелетке толмаған Г-ны заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта  ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Яғни, ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

22/12/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер Д-дан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Д. 2016 жылдың 13 шілдесінде талап қоюшы Н-дан ертесіне қайтарып беретін болып, 40 000 теңге қарызға ақша алған. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.