Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өткізілді.

Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 5 наурыздағы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесі, аудандық соттарда ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтінін айтып өтіп, осы ережедегі негізгі ұғымдар туралы және құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар жөнінде толығырақ айтып берді. 

Сондай-ақ, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Болатбеков баяндама жасап, сот істерін  қарауға дейін ресімдеу және қатысушы адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету тәртібін түсіндіріп өтті.

Шара барысында сот қызметкерлерімен туындаған сұрақтар талқыланып, өзара пікірлер алмасты.

Семинар соңында, аталмыш ереженің күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алынатын құжат екендігі атап өтілді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі