Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы А.Сайдуллаев «Тема дня» бағдарламасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  қалалық  №2 сотының судьясы  Сайдуллаев  Абдуллажан Сайджаппарұлы Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының «Тема дня»  бағдарламасына қатысып «Жалған кәсіпкерлік» қылмыстық құқық бұзушылық аясында сұхбат беріп, журналистің  сауалдарына  жауап  берді.

Атап айтқанда, жалған кәсіпкерлік деген кінәлі адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым  салынған қызметті жасыру  немесе  өзгеде мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай  әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсіпкерлік субьектісін құру  екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, қалалық сотта қаралған аталған санаттағы істерге мысал келтіре отырып, статистикалық мәліметтермен де бөлісті.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі