Шетел валютасын репатриациялау талабы орындалмаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Ж» ЖШС-не  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта, ҚР Ұлттық Банкінің Қызылорда облыстық филиалымен банктердегі  банк шоттарына қарау жүргізу барысында «Ж» ЖШС-мен  резидент еместің  тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамау және шетел валютасын  репатриациялау  талабы  орындалмағаны  анықталды.

Соттың  қаулысымен «Ж» ЖШС  ҚР  ӘҚБтК-нің 251-бабымен кінәлі  деп танылып, 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4 242 000 теңге  айыппұл  салынды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі