Мейрамхана қызметі тоқтатылып, айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, жеке кәсіпкер Т-ға 24.06.2016 жылы берілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым талаптарының орындалуына бақылау жүргізілген.     

Нәтижесінде ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым бойынша жеке кәсіпкер Т. Қызылорда стансасы теміржол вокзалы ғимаратында орналасқан мейрамханасында көрсетілген бұзушылықтарды толығымен жоймағаны анықталып, оған  қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылған.

Соттың  қаулысымен  құқық бұзушы жеке кәсіпкер Т.  ҚР ӘҚБтК-ң 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып,  мейрамханада қызмет көрсету түрін 1  айға тоқтатылып,  100  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 212100 теңге  айыппұл  салынды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі