«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.К.Әбу «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

«Ашық есік күнін» өткізудегі мақсат -тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылық пен сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттырып, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.               Сондықтан, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру сот жұмысының маңызды бөлігіне айналған. Сонымен қатар, «Ашық есік күні» шарасы барысында кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап алуына мүмкіндігі бар.

Сот төрағасының қабылдауына Қызылорда қаласының тұрғыны С.  келіп, өзіне қатысты қаралған азаматтық ісі бойынша сот актісінің орындалуы барысында туындаған сұрақтарын қойды.

Сот төрағасы А.К.Әбу мәселе бойынша оны заң шеңберінде шешу жолдарын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға толық жауап қайтарды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі