Архив событий

18/03/2016

Судьялар арасында семинар сабағы өтті

18/03/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында аймақтық  оқу  орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Іс-шараны Қызылорда облыстық сотының судьясы, оқу орталығының үйлестірушісі Г.Таңатова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік органдардың алдындағы басым бағытты мақсат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/03/2016

15 наурыз 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік органдардың алдындағы басым бағытты мақсат»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Танбаев, қорғаушы Қ.Жаппасбаева, Сырдария аудандық Халық Банкінің бөлімшесінің өкілі А.Темирова, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Б.Құлмақов және аудандық сотының баспасөз хатшысы  М.Асан қатысты.

Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза

18/03/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Б., Арал аудандық сотының 2014 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабының 1 бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан екі жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол осыған қарамай, 15 қаңтар 2016 жылы «VoIkswagen Passat» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Азаматтық істерді қарауда бітімгершілік рәсімін қолдану тиімділігі тақырыбында талқылау өтті

18/03/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.М.Бабатов судьялар арасында бітімгершілік рәсімін қолдану тиімділігі тақырыбында талқылау өткізді.

Талқылауда сот төрағасы «Медиация туралы» Заң қолданысқа енгізілгеннен бері еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың тараптардың бітімгершілігімен шешіліп жатқандығын, 2015 жылдың қорытындысымен Қызылорда қалалық сотында да судьялар медиаторлығымен және арнайы медиаторлардың қатысуымен  аяқталған азаматтық істердің үлесі мол екендігін атап көрсетті.

Қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

18/03/2016

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылдың наурыз  айының 16 күні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы О., 21 қаңтар 2015 жылы жергілікті уақыт 17.00 шамасында, Жосалы кентінде орналасқан кафе ішінде осы кент тұрғыны С-ға  былапыт сөйлеп, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. 

Қызылорда қалалық соты қызметкерлерінің Жилстройсбербанк АҚ-ның Қызылорда филиалы қызметкерлерімен кездесуі өтті

18/03/2016

Қызылорда қалалық соты қызметкерлерінің Жилстройсбербанк АҚ-ның ҚФ қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуде банк қызметкерлері азаматтардың өз баспанасын алуы мақсатында банк тарапынан атқарылып жатқан бағдарламалар жайында айтып берді.

Өз баспанасын алу үшін жас мамандар, жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлер үшін іске асырылып жатқан тақырыптық бағдарламалар мен олар бойынша несие беру талаптары туралы айтып берді.  

Ресей азаматына қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

18/03/2016

Байқоңыр қалалық соты ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Ф-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан, Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, құқық бұзушы Ф. Төретам станциясы перронында, қоғамдық орында темекі шегіп,  темекінің  қалдығын  жерге тастаған, осылайша айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Құқық бұзушы Ф. вокзал перронында темекі шегіп, қалдығын жерге тастағанын мойындайтынын айтты.

Татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

18/03/2016

Қазалы аудандық сотында ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Д., бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, 2015 жылдың қаңтар  айының 10-күні сағат 00-30-дар шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Нұр-Есет» мейрамханасының ішінде жәбірленуші  Т-ның курткасының қалтасынан құны 16 000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап, жәбірленушіге 16 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Отбасының мазасын алып қамаққа алынды

18/03/2016

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.