Азаматтық істерді қарауда бітімгершілік рәсімін қолдану тиімділігі тақырыбында талқылау өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.М.Бабатов судьялар арасында бітімгершілік рәсімін қолдану тиімділігі тақырыбында талқылау өткізді.

Талқылауда сот төрағасы «Медиация туралы» Заң қолданысқа енгізілгеннен бері еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың тараптардың бітімгершілігімен шешіліп жатқандығын, 2015 жылдың қорытындысымен Қызылорда қалалық сотында да судьялар медиаторлығымен және арнайы медиаторлардың қатысуымен  аяқталған азаматтық істердің үлесі мол екендігін атап көрсетті.

Сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған азаматтық істер бойынша судья медиаторлығының үлесі басым екендігін айта келе, азаматтарға медиация тәртібімен шешілген істің тиіміділігі мен салдарын жан-жақты түсіндіру қажеттілігін айтты. Осы бағытта судьяларға бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында жұмыстар атқаруды тапсырды.

Сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқтала келе, ағымдағы жылдың қорытындысымен медиация тәртібімен қаралған істердің санын көбейту үшін шара қолдану керектігін айтты.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі