Архив событий

02/03/2016

Брифинг өткізілді

02/03/2016

Арал аудандық сотында 1 наурыз 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында  брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Н.Бекетаев қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды айтып өтті.

Осындай құқық бұзушылықтардың бірі ұсақ бұзақылық және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу болып табылады. 

Қармақшы аудандық сотында «Сайлау – құқықтық мемлекетте маңызды механизм» тақырыбында семинар өтті

02/03/2016

Қармақшы аудандық сотында «Сайлау – құқықтық мемлекетте маңызды механизм» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға сот төрағасы Қ.Абдуллаев, судья К.Қаниева  және сот мамандары қатысты.

Сырдария аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

02/03/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 18 наурызында, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Сырдария  аудандық сотында осы соттың төрағасының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып, өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің  деңгейін  арттыру  болып  табылады.

«Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар және еңбек тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өтті

02/03/2016

Жалағаш аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар және еңбек тәртібі»  тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинар жұмысына соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев және сот мамандары қатысты.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

02/03/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Ж. алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін  алдап, сенімді теріс пайдалану жолымен иемдену мақсатында, 2016 жылдың ақпан айының 2 күні Қазалы станциясының теміржол перронында жәбірленуші  А-ның ұялы телефонын сөйлесу үшін сұрап алып, өзін «Гүлмира» деп таныстырып, сеніміне кіріп, жәбірленушіге 23 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

02/03/2016

Шиелі аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен  азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, жолаушылар тасымалдап, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б-ға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 31 815 теңге әкімшілік айыппұл салынды. 

Қарыз ақша өндірілді

02/03/2016

Байқоңыр қалалық сотында  талап қоюшы Т-ның жауапкер  Х-дан 234 000 теңге қарыз ақшасын және 2340 теңге сот шығындарын өндіруді талап еткені туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сенім хат негізінде жауапкер Х. 13 қаңтар 2012 жылы Т.-дан 234 000 теңге қарызға алып, оны 2013 жылдың мамыр айында қайтаруды міндетіне алып, қолхат берген. Дегенмен жауапкер Х. алған қарызын қайтарудан осы күнге дейін жалтарып жүрген.

Автокөлікті басқару құқығынан үш жылға айырылды

02/03/2016

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен айыпталған құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А-ның Шиелі кенті, Ы.Жахаев көшесінің бойында автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде басқарғаны анықталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А-ға көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

02/03/2016

2016 жылдың наурыз айының 3 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық пошта арқылы алуға болады.