Архив событий

14/03/2016

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі және сот органына хатты жіберу фунционалы» тақырыбында семинар өткізілді

14/03/2016

2016 жылдың 11 наурызында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен қызметкерлері арасында «Сот кабинеті ақпараттық сервисі және сот органына хатты жіберу фунционалы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Судьялардың әдеп қағидалары мен мінез-құлық ережелері кодексінің жобасын талқылады

14/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен «Судьялардың әдеп қағидалары мен мінез-құлық ережелері кодексінің жобасын талқылау» тақырыбында семинар өткізілді.

Бөтен мүлікті жасырын ұрлаған

14/03/2016

Арал аудандық сотында 4 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы А-ның қылмыстық ісі қаралды.

Қызылорда қалалық сотында сайлау округі комиссиясы шешімінің күшін жою жөнінде арыз қаралды

14/03/2016

05.03.2016 жылы Қызылорда қалалық сотының өндірісіне арыз беруші азамат А-ның сайлау округі комиссиясының облыстық маслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркеген 11.02.2016 жылғы шешімінің күшін жойған 02.03.2016 жылғы хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы арызы түсті.

5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

14/03/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы А. 2016 жылдың  қаңтар айында Жаңақорған кенті, Құрманғазы көшесімен өзінің Volkswagen Passat маркалы, автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарып, азамат О-ның басқаруындағы Mersedes-Benz 230 маркалы, және Ш-ның басқаруындағы Mazda 626 маркалы, автокөліктеріне абайсызда соғып кетіп, мүліктік залал келтіріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны тағайындады

14/03/2016

Қармақшы аудандық сотында  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К., көлік құралын жүргізу құқығы болмай, алкогольді масаю күйінде тракторды басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасы тағайындалды.

Терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген

14/03/2016

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Р-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен (дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, соттың өндірісінде қылмыстық іс келісімді түрде қаралды. 1 наурыз 2016 жылғы басты сот талқылауында кінәні мойындау арқылы процессуалдық келісімге келді. Процессуалдық келісімге сай сотталушы Р. жасаған қылмыстық құқықбұзушылығын мойындады.