Архив событий

31/03/2016

Оnline-сауалнамаға қатысуға шақырамыз

31/03/2016

2016 жылдың 4 сәуірден бастап Қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізіледі.

Қызылорда қалалық сотында «Жол көлік оқиғасымен келтірілген залалды өндіру туралы істерді қарау» тақырыбында семинар тренинг өтті

31/03/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының, судьялар мен сарапшының қатысуымен «Жол көлік оқиғасымен келтірілген залалды өндіру туралы істерді қарау» тақырыбында семинар тренинг өтті.

Семинарда сот төрағасы жол көлік оқиғасымен келтірілген залалды өндіру туралы істерді қарау тәжірибесі жайлы хабарлама жасады.

Миграциялық заңнаманы бұзған үшін жазаланды

31/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзған  Өзбекстан Республикасының азаматы Ю-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы өз кінәсын толық мойындады.

Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған анасына айыппұл салынды

31/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК–нің 127 бабы 1 бөлігімен құқық бұзушы Г-ға қатысты әкімшілік ісі қаралып аяқталды.

Атап айтқанда, құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және  оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, соның салдарынан баласы  дәлелді себепсіз сабаққа бармай ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қызылорда қалалық сотында «Жер телімдеріне қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар сабағы өтті

31/03/2016

Қызылорда қалалық соты судьялары арасында жерге құқық қатынастарын реттеуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Жер телімдеріне қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар тренинг өтті.

Семинарды жүргізген судья Э.Т.Ахметова осы санаттағы істерді қараудың тәжірибесіне тоқталды. Сотқа түскен азаматтық істерге тоқтала кетсек, жер телімдерінде қатысты азаматтық істердің үлесі зор болып отыр.         

Сырдария аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

31/03/2016

29 наурыз 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев және кеңсе қызметкерлері  қатысты.

Семинар сабағы барысында  Д.Байдушев өз баяндамасында, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарлату мақсатында қабылданғанын хабарлады.

Бөтен мүлікті жасырын ұрлаған

31/03/2016

Арал аудандық сотында 28 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы Г-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Г, 20 ақпан 2016 жылы түнгі сағат 03:30-дар шамасында, №33 «Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының №12 вагонында келе жатырған жәбірленуші М.-ның «Самсунг C-6» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге жалпы сомасы 193 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылық жасады

31/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған кәмелетке толмаған  Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Кәмелет жасына толмаған құқық бұзушы Ж. 2016-жылдың ақпан айының 29 күні Тасбөгет кенті, Шүкіров көшесінің бойында шемішке шағып қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық іс әрекетті жасаған.

Жалпы конкурс

31/03/2016

                            Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы туралы талқылау өтті

31/03/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов 2016 жылдың 1 тоқсанында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы туралы талқылау өткізді.

Талқылау барысында сот төрағасы осы мерзімде апелляциялық сот алқасымен бұзылған және өзгертілген сот актілеріне нақты тоқталды. Аталған сот актілерін қабылдаған судьялардың пікірлерін тыңдады. 

Қараусыз қалдырылған, сырттай шешім қабылданып қаралған және өндірісі тоқтатылып тұрған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары:

31/03/2016

 

 

1.      Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі (С-О-2) лауазымы -1 бірлік;

2.      Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының  бас маман-сот мәжілісінің                    хатшысы (С-О-5) лауазымы-1 бірлік;

3.      Қызылорда облысы бойынша  соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің            сот приставы (С-О-6) лауазымы-1 бірлік;