Архив событий

05/03/2016

Азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру мақсатында интерактивті үстел орнатылды

05/03/2016

Адамдардың құқығы мен бостандығын қорғайтын, әділеттілікке қол жеткізуге ықпал ететін - cот. Бұл әлемдік тәжірибеде толықтай дәлелденіп отыр. Қызылорда облысы соттарында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін шағымданушы азаматтарға барлық жағдайлар жасалған.

Құрметті әріптестер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

05/03/2016

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

8 наурыз - өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себетін, даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымын ұлықтайтын мерейлі күн.

Ардақты аналар, аяулы арулар!

05/03/2016

Сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің символы әйел қауымына деген шынайы құрмет белгісі бүгінгі мереке.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деп, елімізде белсенділігімен көзге түскен нәзікжандылармен кездесу өткізіп, әрқашан гендерлік саясатқа айрықша мән береді.

Облыстық сотта 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиналыс өтті

05/03/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Мерекелік шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов, облыс соттарының төрағалары мен судьялары, отставкадағы судьялар, соттар әкімшісінің басшысының орынбасары және бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.

Заңсыз құрылыс жүргізгені үшін әкімшілік айыппұл салынды

05/03/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы Б-ның ісі қаралды.

Құқық бұзушы Б. Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі бойындағы өз үйінің ауласынан 2 қабатты ғимарат дүкен құрылысы объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органға хабарламай бастаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. кінәсін мойындап, ол жөнінде хабарлау қажеттілігі туралы білмегенін, алдағы уақытта қайталанбайтынын көрсетті.

Кәмелетке толмаған бұзақылық қылмысын жасаған

05/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған Е-ге қатысты қылмыстық ісін қарап аяқтады.

Істі қарау барысында 20 желтоқсан 2015 жылы 21:00 де кәмелетке толмаған сотталушы Е. кәмелетке толмаған жасөспірімдер тобымен  алдын-ала сөз байласып, топтық төбелеске қатысу үшін Қызылорда қаласы, Әуезова көшесі бойында орналасқан пионерлік саябаққа  келгендігі анықталды.

«Судьялар мен мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбына семинар сабақ өтті

05/03/2016

Қызылорда қалалық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Судьялар мен мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл»» тақырыбына семинар сабақ өтті.

Семинар сабақты Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов жүргізді.

Семинар сабақта қатысушылармен «Судьялар мен мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» әрекеті, сыбайластықты болдырмау шаралары және сыбайлас жемқорлықпен күресудегі заңдылықтың маңызы талқыланды. 

Жаңадан тағайындалған судья сот ұжымына таныстырылды

05/03/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпанындағы № 203 Жарлығымен Жарылқасынова Зауре Тұрсынбайқызы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья болып тағайындалды.

2016 жылдың 4 наурызында Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов жаңа тағайындалған судьяны ұжымға таныстырып,  судьялық қызметте абыройлы болуын тіледі.

Мерекелік құттықтау

05/03/2016

5 наурыз 2016 жылы мереке қарсаңында,  Арал аудандық сотының ерлер ұжымы ұжымдағы әйелдер қауымын көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Н.Кентбаев ұжымдағы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік-береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт пен әсемдік тіледі! 

Сонымен қатар, аудандық сотқа мерекеге байланысты мекемелерден түскен құттықтаулар мен хаттарды оқып берді.

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматша көлік құралын басқару құқығынан айырылды

05/03/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ж., 20.02.2016 жылы түнгі сағат 03.00 шамасында өз басқаруындағы «Опель Вектра» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталған.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабақ өтті

05/03/2016

Қызылорда қалалық сотында қалалық сот судьяларының қатысуымен «Істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау» және «Дауды медиация тәртібімен шешу» тақырыбына семинар сабақ өтті.

Баяндамашы судья Д.Райкулов медиация және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған істер есебіне тоқталып өтті.

Семинар сабақ соңында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің өзгерістері талқыланды.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

05/03/2016

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «К» мемлекеттік мекемесінен берешек 23 256 254 теңге өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

             Тараптар «A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «К» мемлекеттік мекемесі арасында  28.09.2015 жылы № 116 шарт жасалған. Шарт бойынша талапкер (мердігер) белгіленген мерзімде жұмыстарды аяқтауға, ал жауапкер (тапсырыс беруші) жұмысты шарт талаптарына сәйкес қабылдауға және төлем жасауға міндетті болған.

Талапкер өз міндеттемесін тиісті түрде орындаған.