Архив событий

30/03/2016

Құрбысын өлтіргені үшін 9 жылға сотталды

30/03/2016

2016 жылдың 29 наурыз күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 24 жастағы сотталушы Ақмамбетова Жанатқа  қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Қызылорда қалалық сотында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

30/03/2016

Қызылорда қалалық сотында қалалық соты төрағасының, судьялар мен кеңсе меңгерушісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті VII съезі қарсаңында судьялар мен сот кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды талқылау өтті. Тоқсандық статистикалық есеп тапсырудың негізгі тапсырмалары анықталды.

Жаңа редакциядағы АПК нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

30/03/2016

Қармақшы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында судьялардың,  прокуратура өкілдерінің және адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Қармақшы аудандық сотының судьясы К.Қаниева баяндама жасады.

Семинар сабағы өткізілді

30/03/2016

29 наурыз 2016 жылы Арал аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өтті.

Семинар барысында сот қызметкерлерімен «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесінің» барлық тармақтарын оқып-үйрену шаралары жүргізілді.

Қазалы аудандық сотында брифинг өткізілді

30/03/2016

25 наурыз 2016 жылы Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Қайыркелді Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен айыпталған Г-ға қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталып өтті.

Заңсыз жұмыс істегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

30/03/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотында құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы М-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

30/03/2016

Қазалы аудандық сотында 29.03.2016 жылы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Қазалы аудандық сотының төрағасы Қайыркелді Темірбаевтың қабылдауында болған аудан тұрғыны Жанаев Абжами өзінің тұрғын пәтері орналасқан Әйтеке би кенті Желтоқсан, Счастнов,  Жанқожа  көшелерінің бойында орналасқан  көп қабатты  үйлерге жүргізілген күрделі жөндеудің өзінің келісімінсіз жүргізгенін көрсетіп, яғни, жөндеу жүргізуші мекемемен араларындағы келісім-шартқа  қол қоймағанын, келісім-шарттағы қол өзінікі еместігін көрсетіп, не істеу керектігін сұрады.

Көлікті құжатсыз мас күйінде басқарған

30/03/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлікті мас күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж., 27 наурыз 2016 жылы көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, «ИЖ-4» маркалы көлігін мас күйінде басқарған.

Алимент төлемегені үшін жазаға тартылды

30/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік іс құжаттары бойынша құқық бұзушы  Р. Қызылорда қалалық сотының 28.02.2014 жылғы сот бұйрығы бойынша өндіріп алушы  К-ның пайдасына алимент өндірілгеніне қарамастан, алимент төлеуден жалтарып, сот қаулысын орындамаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Р. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.   

Көлікті мас күйде басқарған

30/03/2016

Құқық бұзушы А. Қармақшы ауданы, Ақжар ауылының Сатпаев көшесінің бойында «Mitsubishi SpaceWagon» маркалы автокөлігін Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерінің 2.7.1. тармағын өрескел бұза отырып, яғни, көлік жүргізу құқығынсыз, көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқарған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.