Архив событий

15/03/2016

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылық жасады

15/03/2016

Қазалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған кәмелет жасына толмаған  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Кәмелет жасына толмаған құқық бұзушы А. 2016-жылдың ақпан айының 29 күні Әйтеке би кенті, Жұмабаев көшесінің бойында шемішке шағып қалдығын белгіленбеген орындарға тастап, қоғамды ластаған, яғни ұсақ бұзақылық іс-әрекетін жасаған.

Байқоңыр қалалық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбындағы семинар сабағы өтті

15/03/2016

Байқоңыр қалалық  сотында «Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында   семинар сабақ өтті.

Семинарға Байқоңыр қалалық сотының қызметкерлері қатысты. Іс-шарада соттың жетекші маманы Е.Сүлейменов баяндама оқыды.

Қармақшы аудандық сотында жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізілді

15/03/2016

Бүгін Қармақшы аудандық сотында судьялар мен кеңсе мамандарының арасында жемқорлықтын алдын алу, оны болдырмай және жол бермеу мақсатында,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы кеңес өткізілді.

Қарындасын балағаттағаны үшін үш тәулік мерзімге қамаққа алынды

15/03/2016

Қазалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы  Б. өз үйінде қарындасы Ж-ға сыйламаушылық білдіріп, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзатын әрекетті жасаған.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-ның 73-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылық жасаған деп танылып, 3 (үш) тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында өзіне шығарылған қорғау нұсқамасын бұзған

15/03/2016

Сырдария аудандық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, азамат Д. өз үйінде заңды некедегі бірге тұратын жұбайы М-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, жеке тұрғын үй шегінде жанұясының тыныштығын бұзған, сөйтіп 2016 жылдың 12 ақпанында тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында өзіне шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Әке танудан бас тартқан жауапкер, сот отырысында әкесі екенін мойындады

15/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Т.  жауапкер Ж-ны әкелікті анықтауды және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өзінің талап арызын қуаттап, 2011 жылдың 5 маусымынан 2012 жылдың 2 сәуір аралығында заңды некеге тұрмай отбасылық өмір сүргенін, 03 наурыз 2012 жылы Е. есімді ұл бала босанғанын, алайда, жауапкер АХАЖ органына барудан бас тартқанын, сондықтан жауапкердің әкелігін анықтауды және баланы асырап-бағуға алимент өндіруді сұраған.