Архив событий

29/03/2016

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

29/03/2016

2016 жылдың сәуір айының 1 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық пошта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды. 

Жазасын өтеушінің жазаны өтеу мерзімінен бұрын босатуды сұраған өтінішхаты қанағаттандырылды

29/03/2016

Шиелі аудандық сотымен  сотталған Т-ның сотпен тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхаты қаралды.
Сот мәжілісінде Шиелі ауданының пробация қызметінің өкілі бас бостандығын шектеу жазасын өтеу кезінде сотталған Т.,  жаза өтеу ережелері бұзбағанын, полицияға еріксіз келтіру болмағанын, инспекцияға тіркеуге уақытылы келгенін, ішкі істер бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын көрсетті. Қазіргі уақытта тұрақты жұмыс істейтінін, тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша оң мінезделетінін айтып өтті.

Қоғамдық орынды ластаған жауапкершіліксіз қалмайды

29/03/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. 1 наурыз 2016 жылы Арал қаласы, Әбілқайырхан көшесі бойында өзінің шегіп тұрған темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекетті жасаған.

«Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

29/03/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында 2016 жылдың 28 наурызында «Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинарды осы соттың бас маманы  А.Мұратова  жүргізді.

Дау бітімгершілік келісіммен шешілді

29/03/2016

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «К» жеке кәсіпкерінен негізгі қарызы 189 520 теңге, айыппұл 120 737 теңге және мемлекеттік баж 9 308 теңге, барлығы 319 565 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Тараптар арасында  17.07.2015 жылы №81 тауарларды  сатып-алу сату келісім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес, талапкер өзіне жүктелген міндеттерді орындап тауарды жауапкерге жеткізген, алайда жауапкер өзіне жүктелген тауар құнын төлеу міндеттерін тиісті түрде орындамаған.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді

29/03/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Сот төрағасы Марат Айтбайұлы Тұрғанбаев заң төңірегінде туындаған мәселелерінің шешімін іздеген қала тұрғыны Ш.Абилкаированы қабылдап, сауалдарына жауап берді. Аталған шара барысында өзінің баласының сотталғандығы жөнінде анықтаманы қайдан алуға болатынын сұрап жүгінген.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

29/03/2016

Шиелі аудандық сотында азамат Д-ға қатысты, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істі қарау барысында сотпен  2016-жылдың 01-қаңтарында Шиелі ауданы Қарғалы ауылы Ермағанбет көшесінің бойында азамат Д. өзінің басқаруындағы «Mitsubishi Galant» маркалы мемлекеттік белгісі 743 МКА05 автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарғаны анықталған.