Архив событий

04/03/2016

Қызылорда облысы соттарының судья әдебі жөніндегі комиссия мүшелері семинар сабағын өткізді

04/03/2016

Жуырда Жалағаш аудандық сотында Қызылорда облысы соттарының судья әдебі жөніндегі комиссия мүшелері қалалық соттың төрағасы А.Бабатов пен Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбудың ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Шараға Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

04/03/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Р., ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтаған.

Судьялар әдебі комиссиясының мүшелері аудандық соттарға барды

04/03/2016

Судья этикасы жөніндегі комиссия мүшелері Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу мен Қызылорда қалалық соттың төрағасы А.Бабатов қызметтік іс-сапармен аудандық соттарға шығып, семинар сабақтарын және азаматтармен қабылдау күнін өткізді.

Талап қанағаттандырылды

04/03/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Б-дан орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқуына байланысты алимент өндіруді  сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы арызында, өзінің 2016 жылы кәмелеттік жасқа толғанын, қазіргі уақытта А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық  колледжінің  күндізгі оқу түріндегі 3 курс  студенті екендігін  көрсетіп, білім беру жүйесінде оқитын өзіне жауапкер әкесі Б-дан алимент өндіруді сұраған.

Ашық есік күні өткізілді

04/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың  істері  жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық  сотында  «Ашық есік күні»  шарасы  өткізілді. «Ашық есік» күніне келген азаматтарды Қызылорда облыстық сотының судьясы М.Ахметов және сот төраға А.Әбу қабылдады.

Қабылдауға Қызылорда қаласының тұрғындары А.Қуанбаева, Б.Қалдыбаев келіп, өздерін толғандырып жүрген  мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

04/03/2016

2016 жылдың наурыз айының 1-і күні Қармақшы аудандық сотында борышкер Е-ге қатысты сот бұйрығын шығару жайлы азаматтық іс қаралды.

Өндіріп алушы Ж. сотқа арыз беріп, онда өзінің 2008 жылы Е-мен заңды некеге тұрып отбасын құрғанын, осы некеден кәмелет жасқа толмаған 3 баласы бар екенін, борышкердің жұмыс жасамайтынын, ол балаларына өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін, араларында алимент төлеу жөнінде келісім жоқ екенін, сондықтан борышкер Е-дан балаларына алимент өндіру жайлы сот бұйрығын шығарып беруді сұрайтынын көрсеткен.

21 жасқа дейінгі тұлғаға алкоголь өнімін сатқан

04/03/2016

Арал аудандық сотында азаматша Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Р., Арал ауданы, Қосаман ауылына қарасты Қосбелгі елді-мекенінде орналасқан өз үйінен, 01.01.1999 жылы туылған жасы кәмелетке толмаған И-ге бір шыны алкоголь өнімін сатқан. Сонымен, азаматша Р., Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.

Сот отырысында азаматша Р., өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

04/03/2016

03 наурыз 2016 жылы, бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 2 курс студенттері келді. Олар сот жүйесіндегі өзгерістер, соттың қарауына жататын істер санаты, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы сұрақтар қойды.  

Сотта «Сот үкімдері бойынша атқару парақтарының орындалу барысы және туындаған қиындықтар мен кемшіліктер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/03/2016

2016 жылдың 29 ақпаны күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот үкімдері бойынша атқару парақтарының орындалу барысы және туындаған қиындықтар мен кемшіліктер туралы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.