Архив событий

25/03/2016

Отставкадағы нәзікжанды судьяларға айтар алғыс орасан

25/03/2016

Қызылорда облысы соттарында еңбек етіп, республика сот билігінің дамуына үлес қосқан, бүкіл ғұмырларын сот әділдігін, заң үстемдігін қорғауға арнап, судьялық біліктілігімен, азаматтық биіктігімен ел құрметіне бөленген нәзік жандылар аз емес.

Еліміздің сот жүйесін өркендетуде әйелдер қауымының да қосқан үлесі зор. Отбасы қам-қарекеті, балалар тәрбиесімен қоса, ел игілігін арттыруда қоғам алдындағы міндетін адал атқарып, бүгінде отставкаға абыроймен шыққан нәзікжанды зейнеткер судьяларымызға қандай мадақ айтса да жарасымды.

Қызылорда облыстық сотында терроризм актісінің алдын алу мақсатында сот жасауылдарына семинар өтті

25/03/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Сот ғимаратында терроризм актісі болған жағдайда сот жасауылдарының іс-әрекеттері» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына Қызылорда облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі мен облыс соттарының сот жасауылдары, Қызылорда облыстық ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының және облыстық ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлері қатысты.

Жәбірленушінің соңғы ақшасын ұрлаған

25/03/2016

Арал аудандық сотында 18 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы С-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. 28 желтоқсан 2015 жылы сағат 20:30-дар шамасында, Арал теңізі станциясы теміржол вокзалының жанында орналасқан «ПМК» мекемесінің қоршалған ауласында түнеп жүрген, тұрғылықты жері жоқ жәбірленуші Ш-ның 65 000 теңге ақшасын жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

«Ашық есік күні» іс-шарасына келген қала тұрғындары құқықтық көмекке қол жеткізді

25/03/2016

2016 жылдың 18 наурызында  бекітілген кестеге сәйкес  Қызылорда қалалық № 2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы Б.Қалымбет қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

25/03/2016

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Г-ге қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, сотталушы Г. 09.12.2015 жылы Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен көлікті басқару құқығынан үш жылға айырыла тұра, 27 қаңтар 2016 жылы сағат 02.15 шамасында жол жүрісі ережесінің 2-бөлігінің 4.2 тармағын өрескел бұзып, яғни Байқоңыр қаласы, Горький көшесі бойында «ВАЗ-21140» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

25/03/2016

Шиелі аудандық соты  азамат М-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік  масаң күйде автокөлік құралын басқарған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды

25/03/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А., 2016 жылдың 13 наурызы күні жергілікті сағат 00:30 минут шамасында Қазалы станциясы, теміржол вокзал ғимараты алдында қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Жалпы конкурс

25/03/2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.