Архив событий

03/03/2016

Ақтау үкімі қабылданды

03/03/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 130-бабының 3-бөлігімен айыпталған  сотталушы Г-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына қарағанда, жекеше айыптаушы М. шағымында, ұжымдық жиналыста өзінің сыртынан пара алды және жұмысына қатысты абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, беделін түсіретін көрінеу  жалған мәліметтерді  көпшілік  алдында айтып, жала жапты деп, сотталушы Г-ның үстінен ҚР ҚК-нің 130-бабының 3-бөлігімен жауапқа тартуды сұраған.

«Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/03/2016

2016 жылдың 2 наурызында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде осы соттың жетекші маманы М.Наршаева өз баяндамасында мемлекеттiк тiлдің - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi екендігін айтып өтті.

Қызылорда қалалық сотында «Бұзылған және өзгертілген сот актілері» тақырыбына семинар сабақ өтті

03/03/2016

2016 жылдың 22 ақпанында Қызылорда қалалық сотында «Бұзылған және өзгертілген сот актілері» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Іс-шараны Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов жүргізді.

Семинар сабақта сот жұмысының сапасын арттыруға байланысты сұрақтар талқыланды. Сот төрағасы өз сөзінде сот актілерінде жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру мәселелерін атап көрсетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

03/03/2016

Құқық бұзушы С. 26 ақпан 2016 жылы сағат 19:00 шамасында Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы, «Қазпошта» АҚ-ы ғимаратының алдында, яғни қоғамдық орында шемішке шағып, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған, осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы С. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Судья сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алу жазасын тағайындады

03/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат С-ға сот орындаушысының қаулысымен атқару парақ негізінде әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы атқару өндірісі қозғалғаны анықталды. Азаматтық іс бойынша азамат С. ұзақ мерзімде сот шешімін орындаудан және борыш сомасын төлеуден бас тартқан.   

Кәмелетке толмаған балаға сыра сатқан

03/03/2016

Құқық бұзушы Г. 27.01.2016 жылы, сағат 13:00 минут шамасында Қызылорда қаласы, Скатков көшесінде орналасқан дүкенінде кәмелетке толмаған А-ға  1 шөлмек  сыра сатып, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы Г.  ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  84840 теңге айыппұл салынды.