Архив событий

28/03/2016

Болмашы зат ұрлап шатылған

28/03/2016

Арал аудандық сотында 4 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 187 бабының 1 бөлігімен сотталушы Р.-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Р. 18 ақпан 2016 жылы сағат 07:40-тар шамасында, №34 «Ақтөбе-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының №11 вагонында Сексеуіл станциясына дейін жолаушылап келе жатырып, поезд Сексеуіл станциясына тоқтаған уақытта, №1 купенің жапқышын жасырын ұрлап кетіп, «Батыс» жолаушылар тасымалы» мекемесіне 2800 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.

Бітімгершіліктің тиімділігі сөз болды

28/03/2016

Қызылорда қалалық сотының судьяларымен  «Медиация туралы» заң - азаматтық істерді қарауда бітімгершілік рәсімін қолданудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге арнайы Қызылорда облыстық орталықтандырылған заң кеңесінің  адвокаттары шақырылды.

Қоғамдық жұмысқа тартылған

28/03/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Ә-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

28/03/2016

Қармақшы аудандық сотында «Сот кабинеті»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының судьялары мен төрағасы, прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

«Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/03/2016

24 наурыз 2016 жылы Сырдария аудандық сотында судьялар мен кеңсе мамандарының арасында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдулла  өз баяндамасында ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.

Бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

28/03/2016

Қазалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар өтті

28/03/2016

Шиелі аудандық сотында аудандық соттың қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті»   ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар өткізілді.

Шиелі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова көрнекті түрде  электрондық талап арызды, апелляциялық шағымды және басқа электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуды көрсетіп, түсіндірме берді.

Арал аудандық сотында брифинг өтті

28/03/2016

Арал аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова 25 наурыз  2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы брифинг өткізді.