Архив событий

24/03/2016

Облыстық сотта ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау барысы талқыланды

24/03/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау» тақырыбында семинар өтті.

Шараға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары, бөлім басшылары мен кеңсе мамандары, қала орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері мен кеңсе мамандары және ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөлімнің аға прокуроры О.Әлиев, бөлім басшысы Г.Ернияз, басқарма прокуроры А.Көпбосын қатысты.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы насихаттау жүргізілді

24/03/2016

Азаматтардың қолайлылығы үшін, сот жүйесіндегі жаңа заманауи технологиялардың дамуына байланысты, сот жүйесіне енгізілген «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық талап арыздар мен құжаттарды беру тәртібін халыққа оқытып түсіндіру, сот ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

24/03/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М., масаң күйінде өз үйінде жанжал шығарып, әйелі А-ның мазасын алып, балағат сөздер айтып, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші А., құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Қызылорда қалалық сотында «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық акциясы өтті

24/03/2016

Қызылорда қалалық сотында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Дәстүрлі мерекеміз Наурызда аялы алақаннан кемтар болып отырған сәбилерге зейін бөлген бұл іс-шараға сот судьялары жан-жақты ат салысты.

Қызылорда қаласында орналасқан «Сәбилер үйінде» болып қайтқан судьялар балаларды жаңа ойыншықтармен қуантты. Ал, бүлдіршіндер балдай тәтті үнімен ән айтып берді.