Архив событий

16/03/2016

Әскери қызметшінің бағынбауы

16/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ш.Қожантаев көшпелі ашық сот отырысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұланының №5547 әскери бөлімінің әскери қызметкері мерзімді әскери қызметші Д-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісін қарады.

Судья медиатордың қатысуымен азаматтық іс қысқартылды

16/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер К-ның жауапкер М-ны кәмелетке толмаған балаларға қамқоршы ретінде тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер К. талап арызында 2004 жылы туылған Е. және 2005 жылы туылған Н-ны қамқоршы ретінде тануды сұраған.

Істі қарау барысында талапкер мен жауапкер сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы және медиацияны осы іс өндірісіне бөлінген судья өткізу туралы өтінішхат берген.

Бөтеннің мүлкін ұсақ-түйек жымқырған

16/03/2016

Арал аудандық сотында 11 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 187 бабының 1 бөлігімен сотталушылар А-ның және Н-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар А. және Н. алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, бөтеннің мүлкін ұсақ-түйек жымқыру мақсатында, 2016 жылдың ақпан айының 25-нен 26-на қараған түні сағат 00:30 шамасында, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» АҚ-ның өндірістік үй-жайына заңсыз кіріп, ұзындығы 2 метр 35 см болатын темір рельсті жасырын ұрлаған.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

16/03/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттар қызметін ұйымдастыру Департаменті қызметкерлерімен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген үйрету сабағын жан-жақты талқылау өтті.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

16/03/2016

Қазалы аудандық сотында ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Б, алкогольден масаң күйінде жәбірленуші  М-ның  үйіне терезесінен кіріп,  «LG» маркалы  ұялы телефонын  жасырын жымқырып,  жәбірленушіге  30 000 теңге мүліктік  зиян келтірген.

Сотта сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін, қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласып бітімге келгенін көрсетті.

Заңды маңызы бар фактісі анықталды

16/03/2016

Шиелі ауданының  тұрғыны  Б. сотқа арыз беріп, онда өзінің тегі қате көрсетілген еңбек кітапшасын өзіне тиесілі фактісін анықтауды сұраған.

Сот отырысында, арызданушының атына 25.02.1988 жылы толтырылған еңбек кітапшасында оның тегі мен аты қате жазылып, жеке куәлігіндегі тегі мен атына сәйкес келмейтіні анықталды.

Айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін әрекеттер жасағаны үшін айыппұл салынды

16/03/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. 2016 жылдың 8 наурызы күні жергілікті сағат 10:20 минут шамасында Қазалы станциясы, теміржол вокзал ғимараты алдында қоғамдық орында былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін әрекеттер, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қаралған ұсақ бұзақылық жасаған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өтті

16/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алу туралы және баланы қайтару туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі» мен «Айыппұл түріндегі жазалардың орындалуы» тақырыптарында семинар сабақтары өтті.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабақ өтті

16/03/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.М.Бабатовтың, судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» және «Сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану» тақырыптарында семинар сабақ өтті.

Семинар сабақты Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов жүргізді.

Оқиға болған жерден кетіп қалғаны үшін жазаланды

16/03/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611 бабының 3 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы К-ның ісі қаралды.

Құқық бұзушы К. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, Жаңақорған кенті, Жеңіс көшесінің бойында Toyota Camry маркалы, автокөлігін басқарып келе жатып, Жеңіс көшесі №41 үйдің шарбағына соғып, азаматша М-ға мүліктік залал келтіріп, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушы К. кінәсін  мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Алкогольдік ішімдік ішкені үшін қамаққа алынды

16/03/2016

Шиелі аудандық соты азамат Б-ны көшеде алкогольдік ішімдік ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу қаулысын шығарды.

Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот, жасалған құқық бұзушылық сипатын, кінәлінің жеке басын, мүліктік жағдайын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды есепке алды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет ресурсы – «Сот кабинеті» функционалымен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді

16/03/2016

Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кульманова Қызылорда облысы  Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар бөлімі мамандарымен бірлесе отырып «Банк Центр Кредит» АҚ-ның Қызылорда филиалына барып,  «Сот кабинеті» функционалын пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.