Архив событий

10/03/2016

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

10/03/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 14 наурызында, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

«Мемлекеттік тілді кеңінен қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті

10/03/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2016 жылдың наурыз айының бесінші жұлдызында «Мемлекеттік тілді кеңінен қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарға сот төрағасы және  кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны өткізу мақсаты сот қызметкерлерінің жұмыс барысында м мемлекеттік тілді кеңінен қолданып, жоғары біліктіліктерге жету және арттыру.

Баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлға жазаланды

10/03/2016

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К-ның кәмелетке толмаған 15.04.1998 жылғы қыз баласы А., 2016 жылдың ақпан айының 3-19 аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өтті

10/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған семинар сабағының жоспарына сәйкес семинар сабағы өтті.

Семинар сабағына ювеналды соттың судьясы Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Шара барысында әкелікті анықтау және алимент өндіру санатындағы істердің ерекшеліктері, осы санат бойынша хаттама жүргізу тәртіптері бойынша әңгіме өрбіді.