Архив событий

11/03/2016

Қорғау нұсқамасын бұзу

11/03/2016

Шиелі  аудандық сотымен жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша азамат А. ішкі істер органымен 30 тәулік мерзіміне шығарған қорғау нұсқамасын бұза отырып, өз жұбайының атына дау көтеріп, оған былапыт сөйлеп, қадір-қасиетін кемсіткен.

Сот отырысы  барысында азамат А., өзінің құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады.

Қармақшы аудандық сотымен «Сот кабинеті» тақырыбында брифинг өткізілді

11/03/2016

Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Сот кабинеті» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық сот төрағасы Абдуллаев Қанатбек, аудандық сот судьялары Қаниева Клара, Алибекова Лаура және «Қармақшы таңы»  газеті редакциясының өкілі Н.Жанәбілов қатысты.

Ішкі істер органының қорғау нұсқамасын бұзған

11/03/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А., 22 ақпан 2016 жылы масаң күйінде, өз үйінде жанжал шығарып, әйелі М-ның мазасын алып, балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, Арал аудандық ішкі істер бөлімінің 26.01.2016 жылғы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

11/03/2016

Жаңақорған аудандық сотында ішімдік ішіп, көлік жүргізген құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, құқық бұзушы Ж. 2016 жылдың ақпан  айында «Mersedes-Benz 200» маркалы автокөлігін Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының орталық көшесі бойында алкогольден масаю күйінде жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Жаңа процессуалдық заңнама талқыланды

11/03/2016

Шиелі аудандық сотында «Жаңа редакциядағы Азаматтық  іс  жүргізу заңнамасын қолданудағы  мәселелер» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді.      

Семинарға Шиелі аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері  қатысты.

Шара барысында жаңа заң талаптары бойынша сот шешімін орындау, істі сот талқылауына дайындау, сот актілерінің апелляциялық шағымдануы мен  наразылық  келтіруі  жайындағы  сұрақтар  талқыланды.

Темекінің қалдығын тастағаны үшін айыппұл салынды

11/03/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы  Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Б қоғамдық орында бола тұра, орта мектептің маңында темекі шегіп, сол жерге темекінің қалдығын тастаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б-ға әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК 21210 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Анасын балағаттағаны үшін қамаққа алынды

11/03/2016

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы  С. 2016 жылы 4 наурыз күні сағат 14:00 шамасында өз үйінде анасы К-ға сыйламаушылық білдіріп, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзатын әрекетті жасаған.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-ның 73-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылық жасаған деп танылып, 3 (үш) тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған анасына айыппұл салынды

11/03/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК–нің 127 бабы 1 бөлігімен құқық бұзушы Г-ға қатысты әкімшілік ісі қаралып аяқталды.

Атап айтқанда, құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және  оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, соның салдарынан баласы дәлелді себепсіз сабаққа бармай ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлға алкогольді масаң күйінде көлік басқарғаны үшін кінәлі деп танылды

11/03/2016

Шиелі аудандық соты көлік құралын басқару құқығы болмауына қарамастан, мас күйінде көлік жүргізген тұлғаға қатысты әкімшілік істі қарады.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші Ж-ның алкогольді масаңдықтың «жеңіл дәрежесінде» болғаны анықталған.

Шиелі АІІБ-мен ұсынылған анықтама негізінде белгілі болғандай құқық бұзушының көлік басқару құқығы болмағаны бекітілген.

Шиелі аудандық соты құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.