Архив событий

09/03/2016

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында!

09/03/2016

Халықаралық 8 наурыз мерекесі қарсаңында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосановтың бастамасымен аудандық соттың судьялары доғарыстағы (зейнеттегі) судья, кент тұрғыны К.К.Копесованың үйіне барып, мерекесімен құттықтап, сыйлық табыстады.

Доғарыстағы судья К.Көпесова өзінің қуанышын білдіріп, алғысын айтып, судьяларға қызметте абырой, отбасыларына амандық, мықты денсаулық тіледі

Мерекелік құттықтау!

09/03/2016

Қазалы  аудандық сотында 8 наурыз - Халықарылық әйелдер мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті. Аталмыш шараға Қазалы аудандық сотының төрағасы  Қ.Темірбаев, сот судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы ұжыммен бірге қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне абырой, табыс, жанұяларына бақыт-шаттық тілеп, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарын тарту етті.

Ерлі-зайыптылар сот медиациясы тәртібімен татуласты

09/03/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер К-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы арызында жауапкермен 2007 жылы заңды некеге тұрғанын, осы некеден бір баласының бар екенін, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Алғыс хат» берілді

09/03/2016

Қызылорда облыстық сотында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Күнтуғанова Айнұр Серікболқызына өзінің қызметтік міндеттерін адал да абыроймен атқарып, сот жүйесінің дамуына зор үлесін қосқаны үшін Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Алғыс хаты» табыс етілді.   

Мас күйінде көлік құралын жүргізді

09/03/2016

Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көзделген мас күйінде көлік құралын жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат А. жүргізуші ретінде жол қозғалысы ережесінің 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзып,  2016 жылдың 10 ақпанында Жосалы кенті, Абай көшесінде «Тойота» автокөлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарған.

Уәкілетті органға хабарламай құрылыс жүргізген

09/03/2016

Қазалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М. уәкілетті органға хабарлама түсірмей, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу ғимаратына қосымша спортзал құрылысы обьектісіне құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген.

8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады

09/03/2016

2016  жылдың 5 наурызында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жігіттер қауымы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Р.Шамшиев көктемнің шуақты күнімен қатар келген мерекемен құттықтай отыра, жақсы көңіл-күй, алға қойылған барлық жоспарлардың орындалуын, жұмыста үлкен жетістіктерге жетуді және де денсаулық пен табыс тіледі.