Архив событий

01/03/2016

Сырдария аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

01/03/2016

2016 жылы 26 ақпан күні  Сырдария аудандық сотында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу семинар сабағын өткізді.

Іс-шараға Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов, Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, кеңсе меңгерушінің міндетін атқарушы Б.Бисенбай  қатысты.

Семинарды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының төрағасы А.Әбу ашып, баяндама  жасады.

Некені бұзу туралы талап сот медиациясы тәртібімен реттелді

01/03/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер С-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талап арызында, жауапкермен 2012 жылы заңды некеге тұрғанын, осы некеден бір баласы барын, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Көлік құралын мас күйінде басқарған

01/03/2016

26 ақпан 2016 жылы Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ң  608-бабының 1-бөлімімен азамат  С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат С., жүргізуші ретінде жол қозғалысы ережесінің 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзып, «Газ-321132-24» маркалы  автокөлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарған.

Алкогольді масаң күйде автокөлік басқарған

01/03/2016

Құқық бұзушы Б.А. 18.01.2016 жылы, сағат 04:10 минут шамасында Қызылорда қаласы, Көшербаев көшесінің бойында «Lada 21705 053-33» маркалы автокөлігін  алкогольдік масаң күйде басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы Б.А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3  жыл мерзімге көлік  құралын  жүргізу  құқығынан айырылды.

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

01/03/2016

Жаңақорған аудандық сотымен сотталушы А. жәбірленуші С-мен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. сыбайласы О. екеуі қоймаға заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға алдын ала сөз байласып, жәбірленуші С-ның мал қорасына заңсыз кіріп, байлаулы тұрған бағасы 250 000 теңге болатын жылқысын, жалпы құны 7000 теңге болатын тұрмыс құралдарын жасырын жымқырып, ұрлық жасап, жәбірленушіге жалпы 257 000 теңге зиян келтірген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

01/03/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, ер адам алкогольдік масаң күйде сауда үйдің жанында табиғи мұқтаждығын жасағаны анықталды. Осы әрекетімен, ол қоғамдық орынды ластап және  қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірді.

Әйелін балағаттап әкімшілік қамауға алынды

01/03/2016

Құқық бұзушы Г. өзінің үйінде әйелі С-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.

Сотта құқық бұзушы Г. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді.

Жәбірленуші С. соттан өзінің күйеуі құқық бұзушы Г. заң талаптарына сай шара көруді сұрады.

Заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

01/03/2016

Қармақшы  аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Е.С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттары бойынша, 10 ақпан 2016 жылы  жергілікті уақыт бойынша 20.30 минут шамасында, Е.С-ның үйінде ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтағаны анықталып, одан 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

01/03/2016

Қазалы аудандық сотында 2016 жылдың ақпан айының 26 күні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М. Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі бойына күл-қоқыс төгіп, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығарып, ортақ пайдалану орнын ластаған.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 14847 теңге айыппұл салынды.

ҚР жол қозғалысы ережесінің талаптарын сақтамаған

01/03/2016

26.01.2016 жылы құқық бұзушы А.А., өзінің басқаруындағы «BMW 520» маркалы  автокөлігімен Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №8 мектеп-интернаты тұсындағы жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта  жүруге  арналған  жағына шығып автөкөлік басқарған.

ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы толтырылған.