Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Б., Арал аудандық сотының 2014 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабының 1 бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан екі жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол осыған қарамай, 15 қаңтар 2016 жылы «VoIkswagen Passat» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот үкімімен сотталушы Б., Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, қоғамдық жұмыстарға тарту  түріндегі жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі